О внесении изменений в постановление акимата от 11 февраля 2008 года № 54 «О корректировании цен на 2008 год, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 54 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 54 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысының (Денисов ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 22 ақпанда № 9-8-89 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2008 жылғы 21 наурызда № 12 санында жарияланған) 1-тармағындағы «азайту жолымен» деген сөз алдындағы «30» саны «80» санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде енгізілген өзгерістерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.