О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 11 декабря 2009 года N 23/248-IV "Об областном бюджете на 2010-2012 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 – нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 194-нөмірінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақшада: "211 384 340" деген сандар "211 684 340" деген сандармен ауыстырылсын; "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшада: "208 770 102" деген сандар "209 070 102" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында: I "Кірістер" бөлімінде: "211 384 340" деген сандар "211 684 340" деген сандармен ауыстырылсын; "Салықтық емес түсімдер" деген жолында: "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын; 2 "Салықтық емес түсімдер" санатында: "371 256" деген сандар "671 256" деген сандармен ауыстырылсын; 04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында: "365 190" деген сандар "665 190" деген сандармен ауыстырылсын; 1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбында: "365 190" деген сандар "665 190" деген сандармен ауыстырылсын; II "Шығындар" бөлімінде: "208 770 102" деген сандар "209 070 102" деген сандармен ауыстырылсын; 02 "Қорғаныс" функционалдық тобында: "225 931" деген сандар "425 931" деген сандармен ауыстырылсын; 2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында: "188 505" деген сандар "388 505" деген сандармен ауыстырылсын; 250 "Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" бюджеттік бағдарламасы әкімшісі бойынша: "167 225" деген сандар "367 225" деген сандармен ауыстырылсын; "006 Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою" бағдарламасында: "98 909" деген сандар "298 909" деген сандармен ауыстырылсын; 15 "Трансферттер" функционалдық тобында: "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын; 1 "Трансферттер" функционалдық кіші тобында: "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын; 257 "Облыстың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламасы әкімшісі бойынша: "76 832 744" деген сандар "76 932 744" деген сандармен ауыстырылсын; "024 Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 029 бағдарламамен толықтырылсын: "029 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 100 000 мың теңге".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.