О внесении изменения в постановление акимата от 11 января 2010 года № 2 "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 тармағының 7) тармақшасында "600 теңге" деген сандар мен сөз "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.