О внесении дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 11 февраля 2011 года № 101/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2011 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, 37-бабының 1, 7-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессиясы) " 2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 342/31 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-292 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурыздағы № 9 "Отарқа" және 2011 жылғы 4 наурыздағы № 10 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
3-тармағының 5) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандар үшін Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай қосымша біржолғы материалдық көмек;";
4-тармағының 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандарға Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.