О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 11 февраля 2011 года № 101/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2011 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, 37-бабы 1, 7-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы (IV шақырылған, кезектен тыс XXXVI сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XXVII сессия) "Екібастұз қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 382/36 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-292 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 наурыздағы № 9 "Отарқа" және 2011 жылғы 4 наурыздағы № 10 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 101/1 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – комиссия): Айгүл Қамзақызы Марданова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы болып; Татьяна Алексеевна Тарасова, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары болып; Ирина Петровна Назарчук, "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия мүшесі болып енгізілсін; 2) комиссия құрамынан Ғ.А. Оспанқұлов, Ә.Қ. Базарбаева, Б.Қ. Құспеков шығарылсын; 3) 3-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін біржолғы әлеуметтік көмек төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген өтініш;"; 4-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "республикалық (облыстық) және қалалық газеттерге жазылу үшін 5100 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.