О внесении измененений в постановление акимата Жамбылского района от 11 апреля 2012 года N 285 "Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 25 сәуірдегі 2-7-138 және "Атамекен" газетінің 2012 жылғы 9 мамырдағы N 18-нөмірінде жарияланған) N 285 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының 1-қосымшаға: аудандық шақыру комиссиясының құрамына: Асылбеков Ержан Сансызбайұлы – "Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) енгізілсін; аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Жамауов Мекебек Жамауұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Жұмабек Тоқаұлы Чажабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.