О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 11 сентября 2012 года № 166 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2.«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 83 қаулысына қосымша 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы 1 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49, «Оптима» кітап дүкені 2 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай, «Книги» кітап дүкені 3 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 150 үй, 100 үй-жай, «Книжник» кітап дүкені 4 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 105 үй, 13 үй-жай 5 Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі, 13, «Жарсуат» сауда үйі 6 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 104 м, «Muslimstore07» дүкені 7 Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев көшесі, 64, «Жарқын» сауда орталығы, 24 үй-жай