О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Қарақия аудандық мәслихатының 2013
жылғы 11 шілдедегі №11/120 «Қарақия
ауданында аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 «Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544) жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» деген тарауда: 9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жеке меншігінде бір тұрғынжай бірлігінен артық тұрғынжайы немесе тұрғынжайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды».
Тармақ 2
2. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы №3/25 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі №11/120 «Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3092 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 тамыздағы №37-38 (744-745) «Қарақия» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).
Тармақ 4
4. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сәрсенғали Маркс Тайырұлы
_________________________
24 қазан 2016 жыл.