О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 11 марта 2013 года № 162 «Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастырк туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8395 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі