О внесении дополнений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын: «6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға; 7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға, қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда; 8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алу себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.