О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары және мөлшерлері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»
Тармақша 2
2) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Г. Калиева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 6. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары мен мөлшерлері
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 46-VII шешіміне қосымша Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V шешіміне 2 қосымша Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары мен мөлшерлері Коммуналдық қызметтерге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесідей санаттағы азаматтарға табысы есепке алынбай, көрсетілген мөлшерде берілсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15 000 теңге;
Тармақша 2
2) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің зайыптарына (жұбайлары) - 15 000 теңге;
Тармақша 3
3) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 15 000 теңге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 10 000 теңге;
Тармақша 5
5) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 15 000 теңге;
Тармақша 6
6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 15 000 теңге;
Тармақша 7
7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 15 000 теңге;
Тармақша 8
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 15 000 теңге;
Тармақша 9
9) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;
Тармақша 10
10) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 15 000 теңге;
Тармақша 11
11) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 15 000 теңге.