О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 139 «Об утверждении методики расчетов трансфертов общего характера» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 86 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері үшін үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау
2-тарау. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті бюджеттерінің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі: ЖСТі=КБКі - ШБКі, мұнда: ЖСТі – і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі; КБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) кірістерінің болжамды көлемі; ШБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) шығындарының болжамды көлемі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып бекітілген) бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 4. 4-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
4-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 54, 55, 56 және 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, азық-түлік пен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге, күрделі шығындар мен басқа да шығындарға (бұдан әрі – ағымдағы шығындар) арналған шығындардан тұрады. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемдерінен жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілмеу сомаларын ескеретін өткен үш жылда қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарының орташа көлемі алып тасталады. «Білім беру» функционалдық тобы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» кіші функциялары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес функционалдық кіші топтар, жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялар, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффиценттер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша есептеледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары болжамды көлемінің есеп-қисабы
1-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындары болжамды көлемінің есеп-қисабы
Тармақ 5
5. Осы Әдістемеге сәйкес есептелген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.
Тармақ 6
6. Ағымдағы шығындардың есеп-қисабы үшін тұтастай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Тармақ 7
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар:
Тармақша 1
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері;
Тармақша 4
4) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар ескеріледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінен Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша бұрын жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізілген шығындар алып тасталуы мүмкін;
Тармақша 5
5) Тізбенің «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» кіші функциясы бойынша Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептелген қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша түсімдер;
Тармақша 6
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың республикалық бюджеттің есебінен салынған, жаңадан іске қосылатын объектілерін күтіп-ұстауға арналған, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары ұсынатын шығындар;
Тармақша 7
7) Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындары;
Тармақша 8
8) үш жылдық кезеңге бұрын қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болжамы ескеріледі;
Тармақша 9
9) құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге арналған шығындар.
Тармақ 8
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
Тармақ 9
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есеп-қисаптық базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескеріле отырып, ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 10
10. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есеп-қисабы Тізбеде келтірілген көрсеткіштер мен коэффиценттер ескеріле отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының бөлінісінде жүргізіледі. Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санын бағалау қолданылады.
Тармақ 11
11. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарының есеп-қисабы мынадай формула бойынша жүргізіледі: ЕШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есеп-қисап шығындары; Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың саны; К1іj,..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Тармақ 12
12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті: Халі – і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы; Халіауыл – і-облысының ауыл халқының болжамды саны; – j функционалдық кіші тобы бойынша (барлық өңірлер бойынша жиынтығында) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі. Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициентінде жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстардың қажеттілігі ескеріледі;
Тармақша 2
2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде): bі – і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық санында кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі. Кедейлікті есепке алу коэффициентінде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының ұлғаюы ескеріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің есеп-қисабы
2-параграф. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің есеп-қисабы
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемінің есеп-қисабы әрбір облыс республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі: БДБШі = АШi* k1* k2, мұнда: БДБШі – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есеп-қисап шығындары; АШi – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары; k1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы; k2 – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін қолданылатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасына жоғарылату коэффициенті.
Тармақ 14
14. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k1 14,6% теңеседі. k1 шамасы орта мерзімдегі кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдың жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміне жергілікті бюджеттерді дамытудың бюджеттік бағдарламасы бойынша орташа арифметикалық шама ретінде айқындалады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылы – 3 228 466 037 мың теңгені; 2020 жылы – 4 219 107 377 мың теңгені құрайды. 2021 жылға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 4 239 113 286 мың теңгені құрайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылы – 558 939 727 мың теңгені; 2020 жылы – 563 163 740 мың теңгені құрайды. 2021 жылға арналған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар бойынша жоспар 555 100 000 мың теңгені құрайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 17,3 %; 2020 жылға – 13,3 %; 2021 жылға – 13,1%-ды құрайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің өткен үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 14,6%-ды құрайды.
Тармақ 15
15. Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ерекше мәртебесіне сәйкес олардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне 1,5 жоғарылату коэффициенті қолданылады. k2 жоғарылату коэффициенті орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдағы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық ретінде айқындалады. Нұр-Сұлтан қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылға – 200 605 897 мың теңгені; 2020 жылға – 251 144 222 мың теңгені құрайды. Нұр-Сұлтан қаласының 2021 жылға арналған ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 290 436 352 мың теңгені құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылға – 45 816 055 мың теңгені; 2020 жылға – 59 717 882 мың теңгені құрайды. Нұр-Сұлтан қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар жоспары 48 088 882 мың теңгені құрайды. Нұр-Сұлтан қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 22,8 %; 2020 жылға – 23,8 %; 2021 жылға – 16,6% құрайды. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Нұр-Сұлтан қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 21,1%-ды құрайды. Алматы қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылға – 282 974 972 мың теңгені; 2020 жылға – 405 637 359 мың теңгені құрайды. Алматы қаласының 2021 жылға арналған ағымдағы шығындар (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспары 442 672 981 мың теңгені құрайды. Алматы қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылға – 56 641 533 мың теңгені; 2020 жылға – 71 430 594 мың теңгені құрайды. Алматы қаласының 2021 жылға арналған бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар жоспары 134 781 865 мың теңгені құрайды. Алматы қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 20,0 %; 2020 жылға – 17,6 %; 2021 жылға – 30,4%-ды құрайды. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Алматы қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 22,7%-ды құрайды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындары көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 21,9%-ды құрайды. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа пайыздық қатынасының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ағымдағы шығындары көлеміне 21,9% пайыздық қатынасы k1 шамасына (14,6%) 1,5 құрайды.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы
5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы
Тармақ 16
16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдерін айқындау;
Тармақша 2
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау;
Тармақша 3
3) осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін мәліметтер ұсынуы және келісуі кезінде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындаудың есеп-қисаптарын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Тармақ 18
18. Республикалық бюджет комиссиясында қаралғаннан кейін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бөлінісінде жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы тиісті заңда белгіленеді.
Тармақ 19
19. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.
Тармақ 20
20. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу мақсатында ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептейді.
Басқа 1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесіне 1-қосымша Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі Функ­ци­о­нал­дық кі­ші топ­тар­дың ата­уы Көр­сет­кіш­тер Ко­эф­фи­ци­ент­тер 1 2 3 1. Жал­пы си­патта­ғы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­дың жал­пы функ­ци­я­ла­рын орын­дай­тын өкі­лет­ті, ат­қа­ру­шы және бас­қа да ор­ган­дар Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Қар­жы қыз­ме­ті Жос­пар­лау және ста­ти­сти­ка­лық қыз­мет Жал­пы си­патта­ғы өзге де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер 2. Қор­ға­ныс Әс­ке­ри қа­жет­ті­лік­тер 18-ден ба­стап 27 жас­қа дей­ін­гі әс­кер­ге ша­қы­ры­ла­тын жас­та­ғы ер аза­мат­тар Тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға қар­сы іс-қи­мыл ин­фра­құ­ры­лы­мы­м­ен қам­та­ма­сыз ету­дің ор­та­ша рес­пуб­ли­ка­лық дең­гейі 3. Қо­ғам­дық тәр­тіп, қа­уіп­сіз­дік, құқық­тық, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­ті Құқық қор­ғау қыз­ме­ті Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Қо­ғам­дық тәр­тіп және қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны 4. Бі­лім бе­ру Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та және жал­пы ор­та бі­лім бе­ру Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім 14-тен 18 жас­қа дей­ін­гі адам­дар ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Ма­ман­дар­ды қай­та да­яр­лау және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; 5. Ден­са­улық сақ­тау Ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек Ем­ха­на­лар ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің бас­қа да түр­ле­рі ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер 6. Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру 6-18 жастар­да­ғы ба­ла­лар са­ны және зей­нет­кер­лік жа­сы­нан ас­қан ха­лық са­ны ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Әле­умет­тік кө­мек Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны ке­дей­лік­ті есеп­ке алу (кі­рі­сі ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен адам­дар үле­сі­нің негі­зін­де); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер 7. Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық Тұр­ғын үй ша­ру­а­шы­лы­ғы Тұр­ғын үй қо­ры­ның жал­пы ауда­ны (мың шар­шы метр) Ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру же­лі­ле­рі­нің то­зу жағ­дайы Ел­ді ме­кен­дер­ді абат­тан­ды­ру 8. Мә­де­ни­ет, спорт, ту­ризм және ақ­па­рат­тық ке­ңі­стік Мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы қыз­мет Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; Спорт ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу; ха­лық­тың 1000 адам­ға шақ­қан­да­ғы спорт­тық ин­фра­құ­ры­лым­мен ор­та­ша қам­та­ма­сыз еті­луі Ақ­па­рат­тық ке­ңі­стік ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу Ту­ризм Ту­ризм, тәу­лі­гіне тө­сек орын са­ны Мә­де­ни­ет­ті, спорт­ты, ту­ризмді және ақ­па­рат­тық ке­ңі­стікті ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі өзге де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны 10. Ауыл, су, ор­ман, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар, қор­ша­ған ор­та­ны және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, жер қа­ты­на­ста­ры Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің әле­ует­ті кө­ле­мі Су ша­ру­а­шы­лы­ғы Су­ды тұ­ты­ну (мил­ли­он тек­ше метр) Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы Мем­ле­кет­тік ор­ман кү­зе­ті­нің нор­ма­тив­тік са­ны ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Жер қа­ты­на­ста­ры Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Ауыл, су, ор­ман, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және жер қа­ты­на­ста­ры са­ла­сын­да­ғы бас­қа да қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны 11. Өнер­к­ә­сіп, сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны 12. Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция Ав­то­мо­биль кө­лі­гі Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар, оның ішін­де ел­ді ме­кен­дер ішін­де­гі ав­то­жол­дар­дың және кө­ше­лер­дің ұзынды­ғы (ки­ло­метр) жол­дар­дың жай-күй­і­нің үле­сін есеп­ке алу Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны 13. Өзге­ле­рі Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­ті рет­теу Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті қол­дау және бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау Өзге­ле­рі Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны
Басқа 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесіне 2-қосымша Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер р/с№ Ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Ақ­па­рат кө­зі 1 2 3 4 1 Ха­лық са­ны: адам Ең­бек­ми­ні қа­ла хал­қы­ның са­ны 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың са­ны 1-5 жас­та­ғы ба­ла­лар­дың са­ны 6-18 жас­та­ғы ба­ла­лар­дың са­ны 14 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі адам­дар­дың са­ны 18-ден 27 жас­қа дей­ін­гі ер адам­дар­дың са­ны зей­нет­кер­лік жастан ас­қан ха­лық са­ны 2 Су тұ­ты­ну кө­ле­мі мил­ли­он тек­ше метр ЭГ­ТРМ 3 Мем­ле­кет­тік ор­ман кү­зе­ті­нің нор­ма­тив­тік са­ны штат­тық бір­лік ЭГ­ТРМ 4 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің әле­ует­ті кө­ле­мі мил­ли­он тең­ге АШМ 5 Тұр­ғын үй қо­ры­ның жал­пы ауда­ны мың шар­шы ки­ло­метр СЖ­РА ҰСБ 6 Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар, оның ішін­де ел­ді ме­кен­дер және кө­ше­лер ішін­де­гі ав­то­жол­дар­дың ұзынды­ғы ки­ло­метр ИИДМ ЖАО 7 Тәу­лік-тө­сек са­ны тәу­лік-тө­сек МСM 8 Кі­рі­сі ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен ха­лық­тың үле­сі % Ең­бек­ми­ні 9 Об­лы­стар­дың ауыл­дық жер­ле­рін­де­гі жұ­мысы үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу % ЖАО 10 Жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру же­лі­ле­рі­нің то­зу жағ­дайы % ИИДМ 11 Ха­лық­тың 1000 адам­ға шақ­қан­да­ғы спорт­тық ин­фра­құ­ры­лым­мен ор­та­ша қам­та­ма­сыз еті­луі % МСМ 12 Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға қар­сы іс-қи­мыл ин­фра­құ­ры­лы­мы­м­ен қам­та­ма­сыз еті­лу % ТЖМ 13 Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның жай-күйі % ИИДМ 14 Жос­пар­ла­на­тын ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың 1 ма­мы­рын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша нақ­ты­лан­ған жос­пар­ды ес­ке­ре оты­рып, об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на бюд­жет­те­рі­нің ағым­да­ғы шы­ғын­да­ры мың тең­ге ЖАО 15 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның «Бі­лім бе­ру» функ­ци­о­нал­дық то­бы бой­ын­ша «Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту», «Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та және жал­пы ор­та бі­лім бе­ру» кі­ші функ­ци­я­ла­ры бой­ын­ша ағым­да­ғы шы­ғын­дар­дың бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге БҒМ 16 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жа­ңа­дан іс­ке қо­сы­ла­тын объ­ек­ті­ле­рін кү­тіп-ұста­у­ға жұм­са­ла­тын ағым­да­ғы шы­ғын­дар­дың бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге ОMО 17 Жер­гі­лік­ті бюд­жет бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның иге­ріл­меу со­ма­ла­рын ес­ке­ре­тін өт­кен үш жыл­да қа­лып­тас­қан об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның бос қал­дық­та­ры мың тең­ге Қар­жы­ми­ні ЖАО 18 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның Жұ­мыспен қам­ту­дың жол кар­та­сы бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де об­ли­га­ци­я­лық қары­здар бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту шы­ғын­да­ры­ның бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге Қар­жы­ми­ні ЖАО 19 Үш жыл­дық ке­зең­ге бұ­рын қа­был­дан­ған мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер бо­лжа­мы мың тең­ге Қар­жы­ми­ні ЖАО 20 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның қор­ша­ған ор­та­сы­на те­ріс әсер ет­ке­ні үшін тө­ле­ма­қы бой­ын­ша кі­рі­стер­дің бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге ҰЭМ Аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; ОМО – Орталық мемлекеттік орган; СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы; ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.