О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 139 «Об утверждении методики расчетов трансфертов общего характера» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 54, 55, 56 және 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі (бұдан әрі – ағымдағы шығындар) Бюджет кодексінің 240-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардан тұрады. «Білім беру» функционалдық тобының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» кіші функциялары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің деректері бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының, олардың көрсеткіштері мен коэффиценттерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша есептеледі.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар: 1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (жалақыны қоспағанда); 2) жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері; 4) Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар ескеріледі. Жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына бұрын енгізілген шығындарды Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша немесе орталық мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінен алып тастауға жол беріледі. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына енгізу үшін республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер туралы жиынтық ақпаратты жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде Республикалық бюджет комиссиясының тиісті қорытындыларымен бірге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады; 5) Тізбеге сәйкес «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобының «Қоршаған ортаны қорғау» кіші функциясы бойынша Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептелген қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы бойынша түсімдер; 6) Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде облигациялық қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету шығындары; 7) бұрын үш жылдық кезеңге қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер; 8) Бюджет кодексінің 19-бабына сәйкес трансферттер мен қарыздарды есепке алмағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті жергілікті бюджетінің түсімдері көлемінің екі пайызынан аспайтын резерві; 9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша республикалық және жеке ұйымдардың шығыстарын есепке алмағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін күрделі шығыстарды жүзеге асыруға арналған шығындар ескеріледі.»; 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары; – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шығындар көлемі; Кlij,..., Кnij – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер; Кlij,..., Кnij – j функционалдық кіші тобы бойынша і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін көрсеткіштер. 12. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну құнындағы айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады: 1) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыларды есепке алу коэффициенті: – і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) халық санының болжамы; – і-облысының ауыл халқының болжамды саны; – j функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі. Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициентінде жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстарға қажеттілік ескеріледі; 2) кедейлікті есепке алу коэффициенті (кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде): bі – і-облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) жалпы халық санында кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі. Кедейлікті есепке алу коэффициентінде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің әлеуметтік көмек төлеуге шығындарының ұлғаюы ескеріледі. 13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі: БДБШі = (АШi * k) + (КБКi * k1), мұнда: БДБШі – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары; АШi – і-облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары; КБКi – і-облысының кірістерінің болжамды көлемі; k – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы; k1 – жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлеміне бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасының шамасы; Бұл ретте, k1 шамасы бюджеттік алып қоюлар белгіленген облыстар үшін қолданылады. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі: БДБШі = АШi * k * k2, мұнда: БДБШі – і-республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары; АШi – і-республикалық маңызы бар қаланың, астананың ағымдағы шығындары; k – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы; k2 – Астана және Алматы қалалары үшін қолданылатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасына жоғарылату коэффициенті. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды аяқтауға арналған шығыстар ескеріледі. 14. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 14,6 % тең болады. k шамасы орта мерзімдегі кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдың жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміне жергілікті бюджеттерді дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық шама ретінде айқындалады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылы – 3 228 466 037 мың теңгені; 2020 жылы – 4 219 107 377 мың теңгені; 2021 жылы – 4 666 457 561 мың теңгені құрайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылы – 558 939 727 мың теңгені; 2020 жылы – 563 163 740 мың теңгені; 2021 жылы – 610 983 480 мың теңгені құрайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 17,3 %; 2020 жылға – 13,3 %; 2021 жылға – 13,1 %-ды құрайды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің өткен үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 14,6 %-ды құрайды. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k1 шамасы 5,4 % тең болады. k1 шамасы бюджеттік алып қоюлар белгіленген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде өңірлер бойынша жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы өткен үш жылда бюджеттік даму бағдарламасын орындау бойынша өсудің орташа арифметикалық қарқыны ретінде айқындалады. 2019 жылға қарағанда 2020 жылдың өсу қарқыны 2,8 % құрайды; 2020 жылға қарағанда 2021 жылдың өсу қарқыны 13,4 % құрайды. Алдыңғы үш жылда бюджеттік даму бағдарламасын орындау бойынша өсудің орташа қарқыны 5,4 %-ды құрайды. 15. Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған Астана және Алматы қалаларының ерекше мәртебесіне сәйкес олардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне 1,5 жоғарылату коэффициенті қолданылады. k2 жоғарылату коэффициенті орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы үш жылдағы Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша орташа арифметикалық ретінде айқындалады. Астана қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылға – 200 605 897 мың теңгені; 2020 жылға – 212 754 113 мың теңгені; 2021 жылға – 338 634 971 мың теңгені құрайды. Астана қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылға – 45 816 055 мың теңгені; 2020 жылға – 59 717 882 мың теңгені; 2021 жылға – 62 670 885 мың теңгені құрайды. Астана қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 22,8 %; 2020 жылға – 28,1 %; 2021 жылға – 18,5 % құрайды. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Астана қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 23,1%-ды құрайды. Алматы қаласының ағымдағы шығындарының көлемі (республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді қоспағанда): 2019 жылға – 282 974 972 мың теңгені; 2020 жылға – 373 913 872 мың теңгені; 2021 жылға – 468 518 045 мың теңгені құрайды. Алматы қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемі: 2019 жылға – 56 641 533 мың теңгені; 2020 жылға – 71 430 594 мың теңгені; 2021 жылға – 87 914 524 мың теңгені құрайды. Алматы қаласының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындар көлеміне пайыздық арақатынасы: 2019 жылға – 20,0 %; 2020 жылға – 19,1 %; 2021 жылға – 18,8 %-ды құрайды. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің Алматы қаласының алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындар көлеміне орташа пайыздық арақатынасы 19,3%-ды құрайды. Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің алдыңғы үш жылдағы ағымдағы шығындары көлеміне орташа арифметикалық пайыздық арақатынасы 21,2%-ды құрайды. Астана және Алматы қалаларының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің ағымдағы шығындары көлеміне пайыздық қатынасының 21,2% орташа шамасының k шамасына (14,6%) пайыздық арақатынасы 1,5 құрайды.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге болжамды көрсеткіштерін айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындаудың есептемелерін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің есептемелеріне берілетін ақпараттың негізділігі мен анықтығын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері қамтамасыз етеді.»; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 7 қазандағы № 71 Бұйрыққа 1-қосымша Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп- қисаптары әдістемесіне 1-қосымша Жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтарының, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі Функ­ци­о­нал­дық кі­ші топ­тар­дың ата­уы Көр­сет­кіш­тер Ко­эф­фи­ци­ент­тер 1 2 3 1. Жал­пы си­патта­ғы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Өкіл­ді, ат­қа­ру­шы және мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­дың жал­пы функ­ци­я­ла­рын орын­дай­тын бас­қа да ор­ган­дар Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Қар­жы қыз­ме­ті Жос­пар­лау және ста­ти­сти­ка­лық қыз­мет Жал­пы си­патта­ғы өзге де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер 2. Қор­ға­ныс Әс­ке­ри мұқ­таж­дық­тар 18-ден 27 жас­қа дей­ін­гі әс­кер­ге ша­қы­ры­ла­тын жас­та­ғы ер аза­мат­тар 18-ден 27 жас­қа дей­ін­гі әс­кер­ге ша­қы­ры­ла­тын жас­та­ғы ер аза­мат­тар са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға қар­сы іс-қи­мы­л­ға өңір­лер әле­уе­ті­нің ны­ғаю дең­гейі 3. Қо­ғам­дық тәр­тіп, қа­уіп­сіз­дік, құқық­тық қыз­мет, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­ті Құқық қор­ғау қыз­ме­ті Іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны жер­гі­лік­ті бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын ке­зең-ке­зе­ңі­мен ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру Қо­ғам­дық тәр­тіп пен қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 4. Бі­лім бе­ру Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің (бұ­дан әрі– ОАМ) де­ректе­рі бой­ын­ша мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­ға жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­дің ағым­да­ғы шы­ғын­да­ры­ның бо­лжам­ды кө­ле­мі Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та және жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ОАМ де­ректе­рі бой­ын­ша жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­ге жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­дің ағым­да­ғы шы­ғын­да­ры­ның бо­лжам­ды кө­ле­мі 6 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі адам­дар, дене шы­нық­ты­ру және спорт бой­ын­ша бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы ағым­да­ғы шы­ғын­дар­дың бо­лжам­ды кө­ле­мін есеп­теу үшін 6 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі жас­та­ғы адам­дар са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); дене шы­нық­ты­ру және спорт бой­ын­ша бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім 14-тен 18 жас­қа дей­ін­гі адам­дар 14 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі жас­та­ғы адам­дар са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Ма­ман­дар­ды қай­та да­яр­лау және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы өзге де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу 5. Ден­са­улық сақ­тау Ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Ем­ха­на­лар тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің бас­қа да түр­ле­рі Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 6. Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру Әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру 6 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар са­ны мен зей­нет­кер­лік жа­сы­нан ас­қан ха­лық са­ны 6 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар са­ны мен зей­нет­кер­лік жа­сы­нан ас­қан тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу Әле­умет­тік кө­мек Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ке­дей­лік­ті есеп­ке алу (кі­рі­сі ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен адам­дар үле­сі­нің негі­зін­де); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Әле­умет­тік кө­мек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы өзге де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 7. Тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық Тұр­ғын үй ша­ру­а­шы­лы­ғы Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны; Жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру же­лі­ле­рі­нің ұзынды­ғы тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру же­лі­ле­рі­нің то­зуы Ел­ді ме­кен­дер­ді абат­тан­ды­ру Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 8. Мә­де­ни­ет, спорт, ту­ризм және ақ­па­рат­тық ке­ңі­стік Мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ОАМ ұлт­тық бі­лім бе­ру ба­за­сы­ның де­ректе­ріне сәй­кес 4 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар са­ны ба­ла­лар­ды ке­зең-ке­зе­ңі­мен те­гін шы­ғар­ма­шы­лық үй­ір­ме­лер­мен қам­ту; ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Спорт ба­ла­лар­ды ке­зең-ке­зе­ңі­мен те­гін спорт үй­ір­ме­лер­мен қам­ту; ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Ақ­па­рат­тық ке­ңі­стік Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Ту­ризм Ту­ризм, тәу­лі­гіне тө­сек орын са­ны Мә­де­ни­ет­ті, спорт­ты, ту­ризмді және ақ­па­рат­тық ке­ңі­стікті ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі өзге де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 10. Ауыл, су, ор­ман, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар, қор­ша­ған ор­та­ны және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау, жер қа­ты­на­ста­ры Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің әле­ует­ті кө­ле­мі Су ша­ру­а­шы­лы­ғы тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы); су­ды тұ­ты­ну (мил­ли­он тек­ше метр) Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы Ор­ман қо­ры­ның жал­пы ауда­ны мем­ле­кет­тік ор­ман кү­зе­ті­нің нор­ма­тив­тік са­ны; ауыл­дық жер­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­лар­ды есеп­ке алу Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Жер қа­ты­на­ста­ры Ауыл, су, ор­ман, ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және жер қа­ты­на­ста­ры са­ла­сын­да­ғы бас­қа да қыз­мет­тер 11. Өнер­к­ә­сіп, сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 12. Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция Ав­то­мо­биль кө­лі­гі Об­лы­стық, аудан­дық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның, ұзынды­ғы (ки­ло­метр) об­лы­стық, аудан­дық ма­ңы­зы бар жол­дар­дың жағ­дай­ын ке­зең-ке­зе­ңі­мен жақ­сар­ту Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) 13. Бас­қа­лар Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­ті рет­теу Тұ­рақ­ты ха­лық са­ны тұ­рақ­ты ха­лық са­ны­ның өсуі (ба­ға­ла­нуы) Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті қол­дау және бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау Бас­қа­лар
Басқа 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 7 қазандағы № 71 Бұйрыққа 2-қосымша Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесіне 2-қосымша Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындауға арналған мәліметтер Р/с№ Ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Ақ­па­рат кө­зі Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер 1 2 3 4 5 1 Ха­лық са­ны: адам Ең­бек­ми­ні «Ең­бек ре­сур­ста­рын бо­лжа­удың ұлт­тық жүй­е­сін қа­лып­та­сты­ру және оның нәти­же­ле­рін пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 29 на­уры­зда­ғы № 154 бұй­ры­ғы қа­ла хал­қы­ның са­ны 6 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар са­ны 1-5 жас­та­ғы ба­ла­лар са­ны 6-18 жас­та­ғы ба­ла­лар са­ны 14 жастан 18 жас­қа дей­ін­гі адам­дар са­ны 18-ден 27 жас­қа дей­ін­гі ер аза­мат­тар са­ны зей­нет­кер­лік жастан ас­қан ха­лық са­ны 2 Су­ды тұ­ты­ну кө­ле­мі мил­ли­он тек­ше метр ЭГ­ТРМ «Бас­сейн­дер және об­лы­стар (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на) бө­лі­ні­сін­де 2016-2025 жыл­дар­ға ар­нал­ған су пай­да­ла­ну ли­мит­те­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 19 та­мы­зда­ғы № 367 бұй­ры­ғы 3 Мем­ле­кет­тік ор­ман кү­зе­ті­нің нор­ма­тив­тік са­ны штат­тық бір­лік ЭГ­ТРМ «Мем­ле­кет­тік ор­ман қо­ры учас­ке­ле­рін­де ор­ман қо­рын кү­зе­ту, қор­ғау, пай­да­ла­ну, ор­ман­дар­ды мо­лық­ты­ру және ор­ман өсі­ру бой­ын­ша нор­ма­лар мен нор­ма­тив­тер­ді бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 20 шіл­де­де­гі № 18-02/664 бұй­ры­ғы 4 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің әле­ует­ті кө­ле­мі мил­ли­он тең­ге АШМ СЖ­РА ҰСБ-ның ста­ти­сти­ка­лық де­ректе­рі 5 Об­лы­стық, аудан­дық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ұзынды­ғы ки­ло­метр ИИДМ ЖАО Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 11 ақ­пан­да­ғы № 71 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ав­то­мо­биль жол­да­ры ко­ми­те­ті ере­же­сі­нің 16-тар­ма­ғы­на сәй­кес 6 Тәу­лік-тө­сек са­ны тәу­лік-тө­сек МСM СЖ­РА ҰСБ-ның ста­ти­сти­ка­лық де­ректе­рі 7 Кі­рі­сі ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен ха­лық­тың үле­сі % Ең­бек­ми­ні «Әле­умет­тік са­ла­ның бес- жыл­дық ке­зең­ге ар­нал­ған әле­умет­тік эко­но­ми­ка­лық да­му бо­лжа­мы­ның көр­сет­кіш­те­рін бо­лжам­дау әді­сте­ме­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 30 мау­сым­да­ғы № 232 бұй­ры­ғы 8 Об­лы­стар­дың ауыл­дық жер­ле­рін­де­гі жұ­мыс үшін үсте­ме­а­қы­ны есеп­ке алу % ЖАО «Аза­мат­тық қыз­мет­ші­лер­ге, мем­ле­кет­тік бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ұста­ла­тын ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­ріне, қа­зы­на­лық кә­сі­по­рын­дар­дың қыз­мет­кер­ле­ріне ең­бе­ка­қы тө­леу жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2015 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1193 қа­улы­сы 9 Жы­лу­мен, су­мен жаб­дық­тау және су бұ­ру же­лі­ле­рі­нің то­зу жағ­дайы % ИИДМ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 55 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Құ­ры­лыс және тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық іс­те­рі ко­ми­те­ті ере­же­сі­нің 14-тар­ма­ғы­ның 61) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес 10 Ба­ла­лар­ды ке­зең-ке­зең­мен те­гін шы­ғар­ма­шы­лық, спорт үй­ір­ме­лер­мен қам­ту % МСМ «Мем­ле­кет­тік шы­ғар­ма­шы­лық тап­сы­ры­стың жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы нор­ма­тив­тік қар­жы­лан­ды­ру әді­сте­ме­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 27 сәу­ір­де­гі № 113 бұй­ры­ғы «Мем­ле­кет­тік спорт­тық тап­сы­ры­стың жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы нор­ма­тив­тік қар­жы­лан­ды­ру әді­сте­ме­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 27 сәу­ір­де­гі № 119 бұй­ры­ғы 11 Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға қар­сы іс-қи­мы­л­ға өңір­лер әле­уе­ті­нің ны­ғай­ты­лу дең­гейі % ТЖМ «Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­ріне және ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­ріне жәр­дем көр­се­туі үшін ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру, ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды са­лу, ре­кон­струк­ци­я­лау және жөн­деу тіз­бе­сін бекiту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 27 мау­сым­да­ғы № 567 бұй­ры­ғы 12 Об­лы­стық, аудан­дық ма­ңы­зы бар жол­дар­дың жағ­дай­ын ке­зең-ке­зе­ңі­мен жақ­сар­ту мың тең­ге ИИДМ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 11 ақ­пан­да­ғы № 71 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ав­то­мо­биль жол­да­ры ко­ми­те­ті ере­же­сі­нің 16-тар­ма­ғы­на сәй­кес 13 Жос­пар­ла­на­тын ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың 1 ма­мы­рын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша нақ­ты­лан­ған жос­пар­ды ес­ке­ре оты­рып, об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, аста­на бюд­жет­те­рі­нің ағым­да­ғы шы­ғын­да­ры мың тең­ге ЖАО Қар­жы­ми­ні­нің есеп­тік де­ректе­рі 14 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның «Бі­лім бе­ру» функ­ци­о­нал­дық то­бы­ның «Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту», «Ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та және жал­пы ор­та бі­лім бе­ру» кі­ші функ­ци­я­ла­ры бой­ын­ша ағым­да­ғы шы­ғын­дар­дың бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге ОАМ «Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ор­та бі­лім бе­ру­дің, сон­дай-ақ кре­дит­тік оқы­ту тех­но­ло­ги­я­сын есеп­ке ал­ған­да­ғы тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру­дің жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы нор­ма­тив­тік қар­жы­лан­ды­ру әді­сте­ме­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 27 қа­ра­ша­да­ғы № 597 бұй­ры­ғы 15 Жер­гі­лік­ті бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­рын ке­зең-ке­зе­ңі­мен ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру мың тең­ге ІІМ «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның бө­лім­ше­ле­рін бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­мен, ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы­мен, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­мен, ақ­па­рат­ты қор­ғаудың ап­па­рат­тық және бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­та­удың заттай нор­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 30 на­уры­зда­ғы № 175 бұй­ры­ғы. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің іс-әре­кет­те­рін қыл­мыстық, әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар­ды жа­сау фак­ті­ле­рін және тір­ке­удің тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­ның заттай нор­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 5 на­уры­зда­ғы № 171 бұй­ры­ғы. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі бө­лі­ні­сте­рі үшін кө­лік құ­рал­да­ры­ның заттай ти­е­сі­лік нор­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 26 қа­ра­ша­да­ғы № 963 бұй­ры­ғы 16 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның Жұ­мыспен қам­ту жол кар­та­сы бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де об­ли­га­ци­я­лық қары­здар бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту шы­ғын­да­ры­ның бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге Қар­жы­ми­ні ЖАО Қар­жы­ми­ні­нің есеп­тік де­ректе­рі 17 Бұ­рын үш жыл­дық ке­зең­ге қа­был­дан­ған мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік мін­дет­те­ме­лер бо­лжа­мы мың тең­ге Қар­жы­ми­ні ЖАО Қар­жы­ми­ні­нің есеп­тік де­ректе­рі 18 Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның қор­ша­ған ор­та­ғаа те­ріс әсер ет­ке­ні үшін тө­ле­ма­қы бой­ын­ша кі­рі­стер­дің бо­лжам­ды кө­ле­мі мың тең­ге ҰЭМ «Бюд­жет тү­сім­де­рін бо­лжау әді­сте­ме­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 21 қаң­тар­да­ғы № 34 бұй­ры­ғы Аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі; ОМО – Орталық мемлекеттік орган; СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы; ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.