О внесении изменений в решение маслихата от 11 марта 2014 года № 179 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Заречного сельского округа Костанайского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 179 «Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 наурыздағы № 179 шешіміне (2014 жылғы 30 сәуірде «Арна» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында: қазақ тіліндегі 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «6. Бөлек жиынды ашудың алдында Заречный ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.»; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қостанай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қазандағы № 568 шешіміне қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 179 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Заречное ауылының тұрғындары үшін 126 2 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Новоселовка ауылының тұрғындары үшін 5 3 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Абай ауылының тұрғындары үшін 6 4 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Осиновка ауылының тұрғындары үшін 5 5 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Рыспай ауылының тұрғындары үшін 6 6 Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Талапкер ауылының тұрғындары үшін 6