О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 11 сентября 2014 года № 292 «Об утверждении Положения о специальной комиссии в Южно-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі №292 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2821 болып тіркелген, 2014 жылдың 21 қазанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбындағы, 1-тармағындағы және қосымшасындағы «Оңтүстік Қазақстан облысындағы» деген сөздер «Түркістан облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. А.Ш.Жетпісбай Ә.Е.Тұрғымбеков С.А.Қалқаманов М.И.Мырзалиев Ұ.Қ.Тәжібаев А.А.Абдуллаев А.Б.Тасыбаев Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі №292 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___»___________ №_____ қаулысына