О внесении изменения в решение акима Жанибекского района от 11 марта 2014 года № 8 "Об образовании избирательных участков на территории Жанибекского района" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 8 "Жәнібек ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 8 "Жәнібек ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3491 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жәнібек ауданының сайлау учаскелеріндегі өзгеріс туралы сайлаушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлансын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жәнібек ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
Жәнібек ауданы әкімінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 6 шешіміне қосымша Жәнібек ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 8 шешіміне қосымша Жәнібек ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
Тармақ 1
1. № 136 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Жеңіс көшесі № 2, "Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Жәнібек ауылы, Сарсенов көшесі, Нұрпейісова көшесі, Ниетқалиев көшесі, Тайманов көшесі, Жеңіс көшесі, Жароков көшесі, Жұмаев көшесі 2-72, 25-87, Шарафутдинов көшесі 45-131, 68-128, Байтұрсынов көшесі 68-132, Мәметова көшесі 1-9, Мусин көшесі 1-5, 2, Қараш көшесі 2-8, 1-43.
Тармақ 2
2. № 137 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Абай көшесі № 1Г, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "М. Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты. Шекарасы: Жәнібек ауылы, Жұмаев көшесі 1-23А, Шарафутдинов көшесі 1-43, 2-66, Байтұрсынов көшесі 1-53, 2-48, Мәжитов көшесі 1-87, 2-86, Абдрахманов көшесі 1-59, 2-86, Жәнекешев көшесі 1-5, 2-50, Өтемісов көшесі 1-15, 2-8, Халиуллин көшесі 1-11, 2-4, Абай көшесі.
Тармақ 3
3. № 138 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Жәнекешев көшесі № 72, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "№ 1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Жәнібек ауылы, Байтұрсынов көшесі 67-131, Мәжитов көшесі 89-175Б, 108-180, Абдрахманов көшесі 97-181, 102-170, Жәнекешев көшесі 74-152, 97-195, Ықсанов көшесі 41-117, 90-152, Чурин көшесі 17-29, 84-124, Мусин көшесі 4-26, 7-27, Мәметова көшесі 2-18.
Тармақ 4
4. № 139 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі № 26, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Жәнібек ауылы, Байтұрсынов көшесі 55-65, 50-66, Мәжитов көшесі 88-106, Абдрахманов көшесі 61-95, 88-100, Жәнекешев көшесі 7-95, 52-72, Ықсанов көшесі 1-39, 2-88, Иманов көшесі 1-133, 2-184, Чурин көшесі 1-15, 2-82, Мәметова көшесі 11-33, Қараш көшесі 10-28, 45-57, Өтемісов көшесі 10-18, 17-27, Халиуллин көшесі 6-10, 13-23,
Тармақ 5
5. № 140 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жәнібек ауылы, Қараш көшесі № 65, Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Жәнібек ауылы, Егізбаев көшесі, Оразбаева көшесі, Наурыз көшесі, Мир көшесі, Масин көшесі, Новостройка көшесі, Халиуллин көшесі 12-22, 25-33, Қараш көшесі 30-46, 65-71, Новая жизнь, Казарма, Абдуллин көшесі, Иманов көшесі 135-183, Водстрой көшесі, "Ұмтыл", "Откорм", "Стационар" қыстақтары.
Тармақ 6
6. № 141 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Ұзынкөл ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Ұзынкөл ауылы, "Абдолла", "Мұратсай", "Негмет", "Мыңжас", "Сабила", "Нұрберген", "Шамұрат", "Апақаш", "Азамат" қыстақтары.
Тармақ 7
7. № 142 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Еңбекші елді мекені, кітапхана ғимараты. Шекарасы: Еңбекші ауылы, "Бруцеллез", "Баймұрат", "Құбаш", "Алты кашар", "Тәни", "Бірінші", "Инженер", "Арашайым" қыстақтары.
Тармақ 8
8. № 143 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Ақоба ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Ақоба ауылы, "Терек", "Ақкөл", "Передаточный", "Ордженикидзе", "Мангур", "Сарай", "Кузнец", "Молотов-1", "Молотов-2", "Сүлеймен", "Пайыл", "Закария", "Жиенбет", "Дәулет" қыстақтары.
Тармақ 9
9. № 144 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Өнеге елді мекені, кітапхана ғимараты. Шекарасы: Өнеге ауылы, "Құрманғазы", "Талас", "Комсомол", "Қызылоба", "Абдохай", "Арыстанғали", "Әліп", "Дәулет", "Темірғали", "Арық", "Өктеш шалашы", "Қантай" қыстақтары.
Тармақ 10
10. № 145 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жасқайрат ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Жасқайрат ауылы, "Шошқа" қыстағы.
Тармақ 11
11. № 146 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Құрсай елді мекені, медициналық пункт ғимараты. Шекарасы: Құрсай ауылы, Көлтабан ауылы, "Күйгенкөл", "Бескашар", "Төбебасы", "Саралжын", "Қоғалы", "Қарақұдық", "Бұқар", "Сарбоз", "Бассейн", "Астау салған" қыстақтары.
Тармақ 12
12. № 147 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Тау ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Тау ауылы, Жігер елді мекені, "Третий", "Жігер-1", "Жігер-2", "Нұғман-1", "Нұғман-2", "Қошақай", "Стандарт", "Сапи", "Басеке", "Шеген", "Жыра", "Ұмтыл" қыстақтары.
Тармақ 13
13. № 148 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жұмаев елді мекені, кітапхана ғимараты. Шекарасы: Жұмаев ауылы, "Соналы-1", "Соналы-2", "Татран", "Марқа" қыстақтары.
Тармақ 14
14. № 149 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Қамысты ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Қамысты ауылы, "1 Май", "Әбен", "Насосный", "Желқалақ", "Жаңа тұрмыс", "Мәстек" , "Қамысты", "Көкатөлген" қыстақтары.
Тармақ 15
15. № 150 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Тегісшіл ауылы, кітапхана ғимараты. Шекарасы: Тегісшіл ауылы, "Таткен" қыстағы.
Тармақ 16
16. № 151 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Борсы ауылы, мәдениет үйінің ғимараты . Шекарасы: Борсы ауылы, "Алпауыз", "Бөгет", "Мұнара", "Қайдар шалашы" қыстақтары.
Тармақ 17
17. № 152 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Жақсыбай ауылы, ауылдық мәдени-спорттық кешені ғимараты. Шекарасы: Жақсыбай ауылы, Ақадыр елді мекені, "Самат", "Жақсыбек", "Ертарғын", "Табылды", "Жақсылық", "Бөгет", "Ажігүл", "Жалпақбас", "Зәкір", "Айдарлы" қыстақтары.
Тармақ 18
18. № 153 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Талов ауылы, мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Талов ауылы, "Комсомол", "Аманат" қыстақтары.
Тармақ 19
19. № 154 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Майтүбек ауылы, медициналық пункт ғимараты. Шекарасы: Майтүбек ауылы.