О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 193 «Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10681 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында: 13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі» өлшемшарты бойынша мыналар: мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау; мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі: 1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (10-8 балл); тиімділігі орташа (7-4 балл); тиімділігі төмен (3-0 балл); 2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары: тиімділігі жоғары (20-18 балл); тиімділігі орташа (17-8 балл); тиімділігі төмен (7-0 балл); мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (18-16 балл); тиімділігі орташа (15-8 балл); тиімділігі төмен (7-0 балл); 3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл); 4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл).»; 1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 28 маусымдағы
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 1-қосымша Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болмауы 2 Болуы 0 Есепті жылдағы өзгерістер: азаю жағына қарай 1 ұлғаю жағына қарай немесе өзгерістерсіз 0 2 Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлестеріне) дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдардың болмауы 2 Болуы 0 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрықпен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны Бұзушылықтардың болмауы 2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі 1 Бұзушылықтардың болуы 0 3.2 № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны Бұзушылықтардың болмауы 2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі 1 Бұзушылықтардың болуы 0 3.3 № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны Бұзушылықтардың болмауы 2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі 1 Бұзушылықтардың болуы 0 3.4 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларының бұзушылығы анықталған мемлекеттік кәсіпоргандар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны Бұзушылықтардың болмауы 2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі 1 Бұзушылықтардың болуы 0 3.5 № 145 қаулысының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бекітілген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны Бұзушылықтардың болмауы 2 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі 1 Бұзушылықтардың болуы 0 4 Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы 2 Болуы 0 5 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру 5.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы 1 Болуы 0 5.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы 1 Болуы 0 6 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-та (ЖШС-де) бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалған 2 Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы 0 7 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 7.1 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындады 2 Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы 0 7.2 Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы 2 Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы 0
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 2-қосымша Нысан __________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) ______________ (есепті кезең) Р/с № Көр­сет­кіш­тер өл­шем бір­лі­гі Бар­лы­ғы оның ішін­де: мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ұй­ым­дар са­ны бір­лік Есеп­ті ке­зең ба­сын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы) бір­лік 2 «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты* қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны: Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы) бір­лік 3 «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты* Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х 4 «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты* Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның  бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны бір­лік Х Х Х 5 «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты* Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны бір­лік Х Х 6 «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты* 6.1 Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 6.2 Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 7 «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты* Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х 8 «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты* 8.1 Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны бір­лік Х 8.2 Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ескертпе: «Х» белгіленген жолдар толтырылмайды; * есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің басшысы ________ __________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 4-қосымша Нысан _________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) ______________ (есепті кезең) Мемлекеттік мекемелерді басқару Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 2.1 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау 2.2 № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау 2.3 № 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау 3 Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу Жиыны: Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 3.3 № 145 қаулының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн сақтау 4 Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу 5 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну 5.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 5.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну 6 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 7 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 7.1 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 7.2 Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны: Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 4 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен оларды мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС)орындауы бойынша есептерді ұсыну 4.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 4.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну 5 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 6 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 6.1 Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 6.2 Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны: Р/с № Өлшемшарт/көрсеткіш атауы Балл 1 2 3 1 Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту 2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету 3 Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау 3.1 № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау 3.2 № 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау 4 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну 4.1 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну 4.2 Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну 5 Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы 6 Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі 6.1 Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 6.2 Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау Жиыны: