О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 марта 2015 года № 193 «Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында: 1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға; 3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады; 4) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС).»; 2- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі»; 9-1 және 10-тармақтар алып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мынадай ақпаратты: 1) осы есепке талдамалық жазбаның электрондық (сканерленген) көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді орналастырады»; мынадай редакциядағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есеп орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  электрондық мекенжайына есепті мемлекеттік мүлік тізілімінде жариялау не есепті жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды. Есепті жариялаудан бас тарту үшін: 1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болмауы; 2) тиісті саланың уәкілетті органына, жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тиесiлi емес электрондық цифрлық қолтаңбамен есепке қол қою негіз болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есепті жариялаудан бас тартқан жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ескертулерді жояды және есепті туралы жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті мемлекетті мүлік тізіліміне қайта ұсынады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган: 1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді; 2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын тізілімнің веб-порталында қалыптастырады; 3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есепті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалыптастырады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтауды жүргізеді: 1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (10-8 балл) тиімділігі орташа (7-4 балл); тиімділігі төмен (3-0 балл); 2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары: тиімділігі жоғары (20-18 балл); тиімділігі орташа (17-8 балл); тиімділігі төмен (7-0 балл); мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары: тиімділігі жоғары (18-16 балл); тиімділігі орташа (15-8 балл) тиімділігі төмен (7-0 балл); 3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл); 4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар: тиімділігі жоғары (16-14 балл); тиімділігі орташа (13-6 балл); тиімділігі төмен (5-0 балл).»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығына қосымша Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларына 5-қосымша Нысан Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның және аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­мі ап­па­ра­ты­ның ата­уы Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі Бар­лы­ғы оның ішін­де: Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер 1 2 3 4 5 6 7 8 Ұй­ым­дар са­ны бір­лік Есеп­ті ке­зең ба­сын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы) бір­лік «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны: Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да бір­лік Есеп­ті ке­зең со­ңын­да бір­лік Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы) бір­лік «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны бір­лік Х Х Х Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны бір­лік Х Х Х Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны бір­лік Х Х Х «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны бір­лік Х Х «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны бір­лік Х Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны бір­лік Х Ескертпе: «Х» белгіленген жолдар толтырылмайды.