О внесении дополнения в решение областного маслихата от 11 декабря 2015 года № 351 «Об утверждении Правил общего водопользования на водных объектах Актюбинской области» Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 351 «Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4685 тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы номативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын мынадай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында халыққа шомылу жүзеге асырылмайтын келесі жерлер айқындалсын:
1) шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;
2) температурасы төмен жер асты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;
3) судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;
4) сазбалшықты учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлары бар кезде (жағалауы жайпақ, құлама жарсыз және шұңқырсыз, ал су айдынының түбі құмды, шылаусыз, балдырсыз, бұталарсыз және үшкір тастарсыз болуға тиісті).».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.