О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 31желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) аталған бұйрықпен бекітілген: 3 – тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші; 2) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі; 3) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны; 4) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау; 5) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат; 6) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі; 7) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға; 8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 9) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры; 10) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт; 11) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға; 13) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 447-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы; 14) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы. 15) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені; 16) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты; 17) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 18) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі; 19) тауарлардың электрондық каталогы – интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналыстырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.» 378 – тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын: «378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады. Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 8), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 37), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады. Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады. Сатып алынатын тауарлар тауарлардың электрондық каталогында болмаған не тауарды тауарлардың электрондық каталогында орналастырған әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңнығ 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады.»; 13-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «13-Тарау. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы және әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша веб-порталда мәліметтерді жаңарту түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі 445. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады. 446. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды: 1) кірістер; 2) төленген салықтар; 3) негізгі құралдар; 4) еңбек ақы төлеу қоры. 447. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады: 1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды; 2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде үш пайызды құрайды. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметтіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады: ТСК = ТС / КС х 100%, мұнда: ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші; ТС-есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы; КС-есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы; 3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды; 4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды. 447-1. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Ереженің 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады. 447-2. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде: 1) осы Қағидалардың 447 тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын; 2) Осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийді; 3) осы Қағидалардың 172-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаздың конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде жеңімпазды анықтау үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады . Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады. 447-3. Әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізілген өзгерістердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары растағаннан кейін жүзеге асырылады. 447-4. Мемлекеттік кірістер органдары әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және (немесе) төленген салықтарды негізсіз көтеруге әкеп соққан салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган: 1) веб-порталдан осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін алып тастайды; 2) Заңның 11-бабына сәйкес шаралар қабылдайды. Мұндай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту осы Қағидалардың 447-3-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 450 – тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын: «450. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийге мынадай мерзімдерде енгізеді: 1) алдыңғы кезеңдер үшін (соңғы он жыл ішінде) 2020 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей; 2) ағымдағы жыл үшін (ағымдағы кезең) осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.»; қонкурстық құжаттамаға 1, 2, 2-1, 2-2 және 2-3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; қағидаларға 4-1 -қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Қағиданың 19-қосымшасының 1.2. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) сатып алынатын тауарларды жеткізу шарты (1-қосымша); 3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).»; Қағиданың 20-қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) сатып алынатын жұмыстардың орындау шарты (1-қосымша); 3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша); 4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).»; Қағиданың 20-1 қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2.3. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда: 1) Осы Шарт; 2)сатып алынатын жұмыстардың орындау шарт (1-қосымша) 3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша); 4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда); 5) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.»; Қағиданың 20-2 қосымшасының 2.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) сатып алынатын жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша); 3) техникалық ерекшелігі (2-қосымша); 4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда).»; Қағиданың 21-қосымшасының 1.2. тармағымынадай редакцияда жазылсын: «1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осыШартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер көрсету шарты (1-қосымша); 3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).».
Тармақ 2
2. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Қағидаларға 4-1 -қосымшасы осы бұйрыққа 7-қосымшасына сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтыҚазақстанРеспубликасыҚаржыминистрлігінің интернет-ресурсындаорналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі:
Тармақша 1
1) 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын;
Тармақша 2
2) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 1-қосымша Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша Конкурстың № __________________________ Конкурстың атауы _______________________ Лот­тың № Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Та­у­ар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ата­уы* Өл­шем­бір­лі­гі Са­ны, кө­ле­мі Жет­кі­зу­шар­ты (ИН­КО­ТЕРМС 2010-ға сәй­кес) Та­у­ар­лар­ды­жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды­о­рын­дау, қыз­мет­тер­ді­көр­се­ту­мер­зі­мі Та­у­ар­лар­ды­жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды­о­рын­дау, қыз­мет­тер­ді­көр­се­ту­ор­ны Аван­стық­тө­лем­мөл­ше­рі, % Лот бой­ын­ша­бө­лін­ген со­ма, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетіна тқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 2-қосымша Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша Тапсырыс берушінің атауы _____________________ Ұйымдастырушының атауы_____________________ Конкурстың №________________________________ Конкурстың атауы_____________________________ Лоттың №____________________________________ Лоттың атауы_________________________________ Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы коды­ның ата­уы* Та­у­радың ата­уы* Өл­шем бір­лі­гі* Са­ны (кө­ле­мі)* Бір­лік ба­ға­сы, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да* Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да, са­тып алу­ға бө­лін­ген жал­пы со­ма* Жет­кі­зу шар­ты (ИН­КО­ТЕРМС 2010-ға сәй­кес)* Жет­кі­зу мер­зі­мі* Аван­стық тө­лем мөл­ше­рі* Са­тып алы­на­тын­та­у­ар­лар­ға, ұлт­тық­стан­дарт­тар­дың, ал олар­бол­ма­ған­жағ­дай­да­мем­ле­ке­та­ра­лық­стан­дарт­тар­ды­ңа­та­уы. Ұлт­ты­қ­ж­әне­мем­ле­ке­та­ра­лық­стан­дарт­тар­бол­ма­ған­кез­де, мем­ле­кет­тікса­ты­па­лу­ды­нор­ма­ла­у­ес­ке­рі­лео­ты­рып, са­ты­па­лы­на­тын та­у­ар­лар­дың, та­ла­пе­ті­лет­ін­функ­ци­о­нал­дық, тех­ни­ка­лық, са­па­лық және пай­да­ла­ну­шы­лық си­патта­ма­ла­ры көр­се­ті­ле­ді. Шық­қан жы­лы Ке­піл­дік мер­зі­мі (ай­лар) Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың қа­жет­ті функ­ци­о­нал­дық, тех­ни­ка­лық, са­па­лық, өнім­ді­лі­гі мен бас­қа да си­патта­ма­ла­ры­ның си­патта­луы Бай­ла­ны­сты қыз­мет­тер (қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді) (мон­таж­дау, іс­ке­қо­су, дай­ын­дау, тек­се­ру және та­у­ар­лар­ды сы­нау) Орын­да­у­шы же­ңім­паз деп анық­тал­ған жағ­дай­да әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар және оны мен мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шарт жа­са­су (қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді) (Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ні көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді көр­сет­пе­ге­ні неме­се бер­ме­ге­ні үшін қа­был­да­мау­ға жол­бе­ріл­мей­ді) * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі). Ескерту.
Тармақ 1
1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер бойынша әрбір талап және қосымша талаптар бөлек жолда көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 3-қосымша Конкурстық құжаттамаға 2-1-қосымша Тапсырыс берушінің атауы________________________ Ұйымдастырушының атауы_______________________ Конкурстың №_________________________________ Конкурстың атауы______________________________ Лоттың №_____________________________________ Лоттың атауы__________________________________ Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы коды­ның ата­уы* Жұ­мыстың ата­уы* Өл­шем бір­лі­гі* Са­ны (кө­ле­мі)* Бір­лік ба­ға­сы, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да* Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да, са­тып алу­ға бө­лін­ген жал­пы со­ма* Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі* Аван­стық тө­лем мөл­ше­рі * Ке­піл­дік мер­зі­мі (ай­лар) Орын­да­у­шы же­ңім­паз деп анық­тал­ған жағ­дай­да әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар және оны­мен мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шарт жа­са­су (қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді) (Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­ні көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді көр­сет­пе­ге­ні неме­се бер­ме­ге­ні үшін қа­был­да­мау­ға жол бе­ріл­мей­ді) * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі). 📌 Ескерту. Осы тізбеде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді
Басқа 4
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы « » _______ №_____ бұйрығына 4-қосымша Конкурстық құжаттамаға 2-2-қосымша Тапсырыс берушінің атауы_____________________ Ұйымдастырушының атауы____________________ Конкурстың № _______________________________ Конкурстың атауы____________________________ Лоттың № ___________________________________ Лоттың атауы________________________________ Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы коды­ның ата­уы* Жұ­мыстың ата­уы* Өл­шем бір­лі­гі* Са­ны (кө­ле­мі)* Бір­лік ба­ға­сы, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да* Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да, са­тып алу­ға бө­лін­ген жал­пы со­ма* Жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зі­мі* Аван­стық тө­лем мөл­ше­рі * Ке­піл­дік мер­зі­мі (ай­лар) Та­лап еті­ле­тін си­патта­ма­лар­дың, па­ра­метр­лер­дің және өзге де ба­стап­қы де­ректер­дің си­патта­ма­сы: Орын­да­у­шы же­ңім­паз деп анық­тал­ған жағ­дай­да әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар және оны мен мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шарт жа­са­су (қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді) (Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ні көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді көр­сет­пе­ге­ні неме­се бер­ме­ге­ні үшін қа­был­да­мау­ға жол бе­ріл­мей­ді) * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынаналынады (автоматтытүрдекөрсетіледі). Ескерту.
Тармақ 1
1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолдакөрсетіледі.
Тармақ 2
2 Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнімберушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 5
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 5-қосымша Конкурстық құжаттамаға 2-3 қосымша Тапсырыс берушінің атауы_______________________ Ұйымдастырушының атауы______________________ Конкурстың №_________________________________ Конкурстың атауы______________________________ Лоттың №______________________________________ Лоттың атауы___________________________________ Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы коды­ның ата­уы* Қыз­мет­тің ата­уы* Өл­шем бір­лі­гі* Са­ны (кө­ле­мі)* Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да бір­лік ба­ға­сы* Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да, са­тып алу­ға бө­лін­ген жал­пы со­ма* Қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі* Аван­стық тө­лем мөл­ше­рі* Ке­піл­дік мер­зі­мі (ай­лар) Та­лап еті­ле­тін си­патта­ма­лар­дың, па­ра­метр­лер­дің және өзге де ба­стап­қы де­ректер­дің си­патта­ма­сы: Орын­да­у­шы же­ңім­паз деп анық­тал­ған жағ­дай­да әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар және оны мен­мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шарт жа­са­су (қа­жет болған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­ді) (Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­ні көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді көр­сет­пе­ге­ні неме­се бер­ме­ге­ні­ү­шін­қа­был­да­мау­ға­жол­бе­ріл­мей­ді) * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі). Ескерту.
Тармақ 1
1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолда көрсетіледі.
Тармақ 2
2 Техникалы қерек шелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 6
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 6-қосымша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-1 - қосымша № Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің ата­уы Тіз­бе­ге қо­су шар­тта­ры Ес­кер­ту 1 Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры Қар­жы­лық ор­нық­ты бо­лу Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі Қа­ғи­да­лар­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 2 Құн­дық мән­де­гі жыл­дық кө­ле­мі ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің төрт жүз мың есе­лен­ген мөл­ше­рі­нен ас­пай­тын жұ­мыстар Қар­жы­лық ор­нық­ты бо­лу Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі Қа­ғи­да­лар­да ай­қын­дал­ған тәр­тіп­пен веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 3 Жи­һаз өнім­де­рі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның жи­һаз өнім­де­рі­нің та­у­ар­ла­рын өн­ді­ру­ші­ле­ріне бе­ре­тін ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 4 Же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры­ның өн­ді­ру­ші­ле­ріне бе­ре­тін ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 5 Се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің са­на­ты­на (ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің сы­нып­та­уы­шта­ры­на сәй­кес) жа­та­тын та­у­ар­лар Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­у­а­ры ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган қа­лып­та­сты­ра­тын се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­мін­де бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­мін қа­лып­та­сты­ра­тын, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 6 Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін құ­ру және да­мы­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы бер­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 7 Жеңiл ав­то­мо­биль­дер және жүк-жо­ла­у­шы ав­то­мо­биль­дер-фур­гон­дар­ды және жа­рыс ав­то­мо­биль­де­рін қо­са ал­ған­да, негiзi­нен адам­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған өзге де мо­тор­лы көлiк құ­рал­да­ры (8702 та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның мо­тор­лы кө­лік құ­рал­да­ры­нан бас­қа) «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 8 Электр транс­фор­ма­тор­ла­ры, ста­ти­ка­лық электр өзгерт­кіш­те­рі, тү­зет­кіш­тер, ин­дук­тив­ті­лік ора­уы­штар және дрос­сель­дер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 9 Оқ­ша­у­лан­ған сым­дар (эмаль­дан­ған­да­рын неме­се анод­тал­ған­да­рын қо­са ал­ған­да), ка­бель­дер (ко­ак­си­аль­ды ка­бель­дер­ді қо­са ал­ған­да) мен бас­қа да жал­ға­ғыш те­тікте­рі бар неме­се жоқ оқ­ша­у­лан­ған электр өт­кіз­гіш­тер; олар­дың электр өт­кіз­гіш­тер­мен неме­се жал­ға­ғыш те­тіктер­мен бір­ге болға­ны­на неме­се бол­ма­ға­ны­на қа­ра­ма­стан, же­ке қа­быр­ша­ғы бар тал­шық­тар­дан құ­рал­ған тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық ка­бель­дер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды
Басқа 7
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтары № 92 бұйрығына 7-қосымша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-1 - қосымша № Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің ата­уы Тіз­бе­ге қо­су шар­тта­ры Ес­кер­ту 1 Жи­һаз өнім­де­рі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның жи­һаз өнім­де­рі­нің та­у­ар­ла­рын өн­ді­ру­ші­ле­ріне бе­ре­тін ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 2 Же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры­ның өн­ді­ру­ші­ле­ріне бе­ре­тін ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім­бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 3 Се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің са­на­ты­на (ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің сы­нып­та­уы­шта­ры­на сәй­кес) жа­та­тын та­у­ар­лар Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­у­а­ры ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган қа­лып­та­сты­ра­тын се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­мін­де бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өні­мі­нің ті­зі­лі­мін қа­лып­та­сты­ра­тын, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 4 Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін құ­ру және да­мы­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы бер­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 5 Жеңiл ав­то­мо­биль­дер және жүк-жо­ла­у­шы ав­то­мо­биль­дер-фур­гон­дар­ды және жа­рыс ав­то­мо­биль­де­рін қо­са ал­ған­да, негiзi­нен адам­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған өзге де мо­тор­лы көлiк құ­рал­да­ры (8702 та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның мо­тор­лы кө­лік құ­рал­да­ры­нан бас­қа) «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 6 Электр транс­фор­ма­тор­ла­ры, ста­ти­ка­лық электр өзгерт­кіш­те­рі, тү­зет­кіш­тер, ин­дук­тив­ті­лік ора­уы­штар және дрос­сель­дер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды 7 Оқ­ша­у­лан­ған сым­дар (эмаль­дан­ған­да­рын неме­се анод­тал­ған­да­рын қо­са ал­ған­да), ка­бель­дер (ко­ак­си­аль­ды ка­бель­дер­ді қо­са ал­ған­да) мен бас­қа да жал­ға­ғыш те­тікте­рі бар неме­се жоқ оқ­ша­у­лан­ған электр өт­кіз­гіш­тер; олар­дың электр өт­кіз­гіш­тер­мен неме­се жал­ға­ғыш те­тіктер­мен бір­ге болға­ны­на неме­се бол­ма­ға­ны­на қа­ра­ма­стан, же­ке қа­быр­ша­ғы бар тал­шық­тар­дан құ­рал­ған тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық ка­бель­дер «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­мен бе­рі­л­ген ти­іс­ті ин­ду­стри­ал­дық сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің көр­се­ті­л­ген та­лап­қа сәй­кест­і­гі «Ата­ме­кен» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық кә­сіп­кер­лер па­ла­та­сы­ның де­ректе­рі­нің негі­зін­де веб-пор­тал­да ав­то­мат­ты түр­де ай­қын­да­ла­ды