О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 648 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «426. Тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен: 1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу; 2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі; 3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы; 4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және оның нысандарына (бұдан әрі – Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу; 5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі жүзеге асырылады. Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.»; Конкурстық құжаттамаға 1-1, 1-2, 1-3, 1-4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; конкурстық құжаттамаға 5, 5-1, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 1-қосымша Конкурстық құжаттамаға 1-1-қосымша Тапсырыс берушінің атауы________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың № __________________________________ Конкурстың атауы _______________________________ Лоттың № ______________________________________ Лоттың атауы ___________________________________ Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы. Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) ата­уы 1 Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл ақпарат толтырылмайды.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
Тармақ 3
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Тармақ 4
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы. Материалдық ресурстар: № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­ста­ры­ның ата­уы Са­ны 1 Еңбек ресурстары: № Ең­бек ре­сур­ста­ры­ның ата­уы (ма­манды­ғы/бі­лік­ті­лі­гі) Са­ны 1
Тармақ 5
5. Сатып алынатын тауардың тақырыбына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы. Егер сатып алынатын тауарларды жеткізуге Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды. № Са­тып алы­на­тың та­у­ар­дың ата­уы (лот­тың ата­уы) Жыл са­ны 1 Ескерту.
Тармақ 1
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 2-қосымша Конкурстық құжаттамаға 1-2-қосымша Тапсырыс берушінің атауы________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың № __________________________________ Конкурстың атауы ______________________________ Лоттың №______________________________________ Лоттың атауы __________________________________ Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) ата­уы 1
Тармақ 2
2. Қаржылық орнықты болу және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
Тармақ 3
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Тармақ 4
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының рұқсат беру және хабарландыру туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
Тармақ 5
5. Конкурста сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) орындалатын жұмыстар тәжірибесінің соңғы он жыл ішінде болуы. Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды. № Са­тып алы­на­тын жұ­мыстар­дың ата­уы (лот­тың ата­уы) Қа­жет­ті жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі (жыл са­ны) Құ­ры­лы­стың тү­рі (жа­ңа құ­ры­лыс, бар объ­ек­ті­лер­ді ке­ңей­ту, тех­ни­ка­лық қай­та жа­сақ­тау, жаң­ғыр­ту, ре­кон­струк­ци­я­лау, қай­та жа­ңар­ту және күр­де­лі жөн­деу) Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гейі (бі­рін­ші – жо­ға­ры, екін­ші – қа­лып­ты, үшін­ші – тө­мен­де­ті­л­ген) Объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі­лі­гі (тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жа­та­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар және тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­пай­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар Функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты (өнер­к­ә­сіп объ­ек­ті­ле­рі, өн­ді­ріс ғи­ма­рат­та­ры, құ­ры­лы­стар, тұр­ғын үй-аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер, өзге де құ­ры­лы­стар) 1 📌 Ескерту. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 3-қосымша Конкурстық құжаттамаға 1-3-қосымша Тапсырыс берушінің атауы ________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың № __________________________________ Конкурстың атауы ______________________________ Лоттың № ______________________________________ Лоттың атауы __________________________________ Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы. Егер жұмысты орындау тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) ата­уы 1 Егер жұмысты орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
Тармақ 3
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Тармақ 4
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы Материалдық ресурстар: № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­ста­ры­ның ата­уы Са­ны 1 Еңбек ресурстары: № Ең­бек ре­сур­ста­ры­ның ата­уы (ма­манды­ғы/бі­лік­ті­лі­гі) Са­ны 1
Тармақ 5
5. Конкурста сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) орындалатын жұмыстар тәжірибесінің соңғы он жыл ішінде болуы. Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды. № Са­тып алы­на­тын жұ­мыстар­дың ата­уы (лот­тың ата­уы) Жыл са­ны 1 Ескерту.
Тармақ 1
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 4-қосымша Конкурстық құжаттамаға 1-4-қосымша Тапсырыс берушінің атауы_______________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың №______________________________ Конкурстың атауы ___________________ Лоттың № __________________________________ Лоттың атауы _______________________ Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
Тармақ 1
1. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы. Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды талап етсе, онда мынадай мәліметтерді толтыру қажет. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) ата­уы 1 Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарландыру жіберуді талап етпесе, онда осы мәліметтер толтырылмайды.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
Тармақ 3
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Тармақ 4
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы. Материалдық ресурстар: № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың ата­уы Са­ны 1 Еңбек ресурстары: № Ең­бек ре­сур­ста­ры­ның ата­уы (ма­манды­ғы/бі­лік­ті­лі­гі) Са­ны Қыз­мет­кер­дің жұ­мыс өті­лі­мі (қа­жет болған жағ­дай­да) үш жыл­дан ас­пай­тын (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да неме­се бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­те­рін­де неғұр­лым жо­ға­ры өті­лім көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да) 1
Тармақ 5
5. Сатып алынатын қызметтердің атауына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы. Егер сатып алынатын қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды. № Са­тып алы­на­тын қыз­мет­тер­дің ата­уы (лот­тың ата­уы) Жыл са­ны 1 Ескерту.
Тармақ 1
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 5-қосымша Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша Тапсырыс берушінің атауы __________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ № конкурс _____________________________________ Конкурстың атауы __________________________ лот № _________________________________________ Лот атауы ______________________________ БСН/ЖСН/ССН /СЕН және әлеуетті өнім берушінің атауы __________
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ны­ңа­та­уы) Қыз­мет тү­рі Ерекше шар­ттар (са­на­ты) Құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі) 1.
Тармақ 2
2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 3
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
Тармақ 4
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
Тармақ 5
5. Конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер электрондық депозитарийдегі құжаттарға сәйкес расталады (болған жағдайда толтырылады). № Жұ­мыс ата­уы Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі бой­ын­ша әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің мәр­те­бе­сі (бас мер­ді­гер, бас жо­ба­ла­у­шы/қо­сал­қы мер­ді­гер) Құ­ры­лыс тү­рі (жа­ңа құ­ры­лыс, ке­ңей­ту, тех­ни­ка­лық қай­та жа­рақ­тан­ды­ру, жаң­ғыр­ту, қай­та жа­ңар­ту, қал­пы­на кел­ті­ру және қол­да­ны­с­та­ғы объ­ек­ті­лер­ді күр­де­лі жөн­деу) Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­дың жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гейі (бі­рін­ші-жо­ға­ры, екін­ші-қа­лып­ты, үшін­ші-тө­мен) Объ­ек­ті­лер­дің тех­ни­ка­лық күр­де­лі­лі­гі (тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жа­та­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар және тех­ни­ка­лық жа­ғы­нан күр­де­лі объ­ек­ті­лер­ге жат­пай­тын ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар) Функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты (өнер­к­ә­сіп­тік объ­ек­ті­лер, өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар, құ­ры­лы­стар, тұр­ғын үй-аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер, өзге де құ­ры­лы­стар) Жұ­мысты орын­дау ор­ны (объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан ор­ны) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Жұ­мыстың аяқ­та­лу жы­лы, айы Рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) _______________________________________ Бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын Ескертпе:
Тармақ 1
1. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
Тармақ 2
2. Егер конкурстың мәні Жаңа объектілерді салу, сондай – ақ қолда бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері. Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады,онда бұл қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі. Туралы мәліметтер болмаған жағдайда қосалқы мердігер актіде объектіні пайдалануға қабылдау, қосымша электрондық көшірмесі ұсынылады сәйкестік туралы декларацияның, онда бұл туралы мәліметтерді қосалқы мердігер. Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің (сертификаттар, шарттық баға ведомосіне сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері) және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу болып табылған жағдайда, сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 4
4. Егер конкурстың мәні жаңа құрылыс болып табылған жағдайда, тек жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді жаңадан салу кезінде ескеріледі.
Тармақ 5
5. Егер конкурстың мәні кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылған жағдайда, күрделі жөндеуді қоспағанда, Жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 6
6. Егер конкурстың мәні күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 7
7. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы түзету немесе байланыстыру жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, түзету, байланыстыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 8
8. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсас немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігіне қарай есептеледі.
Тармақ 9
9. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында есепке алынады:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен). Егер конкурстың мәні бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Егер конкурстың мәні екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Егер конкурстың мәні үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
Тармақша 2
2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар). Егер конкурстың мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Егер конкурстың мәні техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);
Тармақша 3
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
Тармақша 4
4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң) бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір кіші бөлімінде болған жағдайда ескеріледі.
Тармақ 10
10. Инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына байланысты есептеледі. Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуына және инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына сүйене отырып есептеледі.
Тармақ 11
11. Егер конкурс нысанасы аумақты абаттандыру немесе аулалық аумақтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар болып табылса және лицензияланатын түрлерді орындау көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыс түрлері бойынша тәжірибесі болған кезде ескеріледі.
Тармақ 12
12. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтығында мынадай шарттарды сақтаған кезде ескеріледі:
Тармақша 1
1) бір жыл жұмыс тәжірибесі жылына қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен астам жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, бір жылдан астам жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;
Тармақша 2
2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде (бір немесе бірнеше) жұмыстар орындалған жағдайда ескеріледі. Бұл ретте, қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ғана ескеріледі. Объект деп өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған жұмыстар түсініледі.
Тармақ 13
13. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс аяқталған жыл танылады.
Тармақ 14
14. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
Тармақ 15
15. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
Тармақ 16
16. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
Тармақ 17
17. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4 және 5-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды. Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі; ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕНП-төлеушінің есептік нөмірі; Аты-Жөні – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 6-қосымша Конкурстық құжаттамаға 5-1-қосымша Тапсырыс берушінің атауы __________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ № конкурс _____________________________________ Конкурстың атауы __________________________ лот № _________________________________________ Лот атауы ______________________________ БСН/ЖСН/ССН / сен және әлеуетті өнім берушінің атауы _________
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер. № Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ны­ңа­та­уы) Қыз­мет тү­рі Ерекше шар­ттар (са­на­ты) Құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі) 1. Бұл тармақ, егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
Тармақ 3
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
Тармақ 4
4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер. № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың ата­уы Қол­да бар бір­лік­тер­дің са­ны Жағ­дайы (Жа­ңа, жақ­сы, жа­ман) Мен­шік (мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді), жал­ға алын­ған (кім­нен және жал­ға бе­ру­ші­нің мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді)) Рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме)
Тармақ 5
5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер. № Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) ата­уы) Қыз­мет­кер­лер­дің т. а. ә. (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді)) Бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы құ­жат (бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның, сер­ти­фи­кат­тың, ат­те­стат­тың нө­мі­рі мен Бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту, олар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін қо­са бе­ру) Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1
Тармақ 6
6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады). № Жұ­мыстың ата­уы Жұ­мысты орын­дау ор­ны (объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан ор­ны) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Жұ­мыстың аяқ­та­лу жы­лы, айы Рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1 _______________________________________ Бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын Ескертпе:
Тармақ 1
1. Құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және қолданыстағы объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады. Бұл ретте осы қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
Тармақ 3
3. Егер конкурстың мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу болып табылған жағдайда автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі. Егер конкурстың мәні ағымдағы жөндеу болып табылған жағдайда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.
Тармақ 5
5. Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің тиісті электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
Тармақ 6
6. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
Тармақ 7
7. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
Тармақ 8
8. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
Тармақ 9
9. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды. Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі; ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕНП-төлеушінің есептік нөмірі; Аты-Жөні – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 7-қосымша Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша Тапсырыс берушінің атауы ________________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың № __________________________________ Конкурстың атауы _______________________________ Лоттың нөмірі __________________________________ Лоттың атауы ___________________________________ Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер. № Рұқ­сат (ха­бар­ла­ма) ата­уы Қыз­мет тү­рі Ерекше шар­ттар (са­на­ты) Құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі Рұқ­сат­тың (ха­бар­ла­ма­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі 1.
Тармақ 2
Егер қызметтер көрсетуді, тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.
Тармақ 3
3. Банкроттық немесе таратылу рәсiмi туралы мәліметтер (әлеуеттi өнiм берушi банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсiмiне жатпайтынын растайды).
Тармақ 4
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер. № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың ата­уы Қол­да бар бір­лік­тер­дің са­ны Жай-күйі (жа­ңа, жақ­сы, жа­ман) Же­ке мен­шік (мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­ріл­сін), жал­ға алын­ған (кім­нен және жал­ға бе­ру­ші­нің мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­ріл­сін) Рас­тау құ­жа­ты­ның ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1
Тармақ 5
5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтер көрсету үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер. № Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) ата­уы Қыз­мет­кер­лер­дің Т.А.Ә. (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­ріл­сін) Бі­лік­ті­лік ту­ра­лы құ­жат (бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның, сер­ти­фи­кат­тың, ат­те­стат­тың нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні көр­се­тіл­сін, олар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­ріл­сін) Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1
Тармақ 6
6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер. № Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ор­ны Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Қыз­мет­ті көр­сет­кен жы­лы, айы (__ ба­стап __) Рас­тау құ­жа­ты­ның ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1 _______________________________________ Бі­лік­ті­лік ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын Ескертпе:
Тармақ 1
1. Егер осы конкурста қызметтерді көрсету тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері болып табылады. Салық кодексінің 397-бабында көзделген көрсетілетін қызметтерге байланысты, сондай-ақ есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар шот-фактураның электрондық көшірмесі болып табылады.
Тармақ 2
2. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растау құжаттарының электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.
Тармақ 3
3. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау құқығының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Жұмыс өтілі бойынша талап бар болған жағдайда, қызметкердің жұмыс өтілін растайтын құжат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірменің немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі болып табылады. Бұл ретте қызметкердің соңғы он жылдағы өтілі ескеріледі.
Тармақ 5
5. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде көрсетілетін қызметтің аяқталған жылы танылады.
Тармақ 7
7. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды. Аббревиатураларды таратып жазу: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйегі № 936 Бұйрыққа 8-қосымша Конкурстық құжаттамаға 7-қосымша Тапсырыс берушінің атауы _______________________ Ұйымдастырушының атауы _______________________ Конкурстың № __________________________________ Конкурстың атауы _______________________________ Лоттың № ______________________________________ Лоттың атауы ___________________________________ Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер. № Рұқ­сат (ха­бар­ла­ма) ата­уы Қыз­мет тү­рі Ерекше шар­ттар (са­на­ты) Құ­жат­тың бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі Рұқ­сат­тың (ли­цен­зи­я­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.
Тармақ 3
3. Банкроттық немесе таратылу рәсiмi туралы мәліметтер (әлеуеттi өнiм берушi банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсiмiне жатпайтынын растайды).
Тармақ 4
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер. № Ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың ата­уы Қол­да бар бір­лік­тер­дің са­ны Жай-күйі (жа­ңа, жақ­сы, жа­ман) Же­ке мен­шік (мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­ріл­сін), жал­ға алын­ған (кім­нен және жал­ға бе­ру­ші­нің мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар қо­са бе­ріл­сін) Рас­тау құ­жа­ты­ның ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1
Тармақ 5
5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер. № Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) ата­уы Қыз­мет­кер­лер­дің Т.А.Ә. (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­ріл­сін) Бі­лік­ті­лік ту­ра­лы құ­жат (бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның, сер­ти­фи­кат­тың, ат­те­стат­тың нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні көр­се­тіл­сін, олар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­ріл­сін) Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1
Тармақ 6
6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарларды жеткізу тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер. № Та­у­ар­дың ата­уы Алушы­ның ата­уы Та­у­ар­ды жет­кі­зу ор­ны Та­у­ар­ды жет­кі­зу кү­ні Рас­тау құ­жа­ты­ның ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі Рас­тау құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (сі­л­те­ме) 1 _______________________________________ Бі­лік­ті­лік ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­мын Ескертпе:
Тармақ 1
1. Егер тауарды жеткізу тәжірибесінің болуы осы конкурста біліктілік талап болып табылмаған жағдайда, растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
Тармақ 2
2. Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарларды қабылдап алу актілерінің және шот-фактураларды электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды. Аббревиатураларды таратып жазу: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).