О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 27 мамырда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 8 тармақта: 1) тармақшада «8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде» сөздерінен кейін «уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;» сөздерімен толықтырылсын; қазақ тіліндегі шешімнің 2), 3) 4) тармақшаларында «берген тізімдеріне сәйкес», «тізімі негізінде», «берген тізімдерге сәйкес» сөздері «ұсынған тізімдері негізінде», «тізімдері негізінде», «ұсынған тізімдері негізінде» сөздерімен ауыстырылсын; 18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2, 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) арыз; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама; 4) 8) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі; 5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ________________Қ. Отаров 14 маусым 2017 жыл