О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 27 мамырда «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының: 7 тармақта «Отбасы күні – қыркүйек айының екінші жексенбісі;» сөздері алып тасталсын; 8 тармақта: 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «3) аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімдері негізінде»; 12 тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Темір аудандық маслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ________________Қ. Отаров «_____» _______________ 2018 жыл