О внесении изменения в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2–3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 20 мамырда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақта:
1) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Темір ауданы бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);».
Тармақ 2
2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Темір аудандық маслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Қ. Отаров
«_____» _______________ 2018 жыл