О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 11 июля 2016 года № 34 «Об определении количества обязательных теле-, радиоканалов в зависимости от распространения в многоканальном вещании» Күшін жойған
Басқа 0
«Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14102 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 17 (он жеті) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналар айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.