О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 11 октября 2017 года № 14/160 «Об утверждении Правил управления безхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 05-10-1069 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3449 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келісдей өзгеріс енгізілсін: Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында: 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік – экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Б. Нурбосинов).
Тармақ 3
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.