О внесении изменения в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 11 декабря 2017 года № 392 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы 7 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысына (2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталары
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «25» сәуірдегі № 111 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталары № п/п Ұйымның атауы Қызметкер-лердің тізімдік саны Квота мөлшері (қызметкер-лердің тізімдік санының %) Жұмыс орындарының нақты квотасы Жұмыс істейтін мүгедектер саны Жұмыс орындарының саны 1 «Арыкбалык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 169 3 5 4 1 2 «Новосветловка-Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 151 3 5 4 1