О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 170 «Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем» Қолданыста
Басқа 0
«Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған цифрлық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Осы Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (бұдан әрі – ББМЖ) цифрлық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.».
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі