О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 июня 2018 года № 233 «Об утверждении типовых контрактов на недропользование» и приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2020 года № 269 «Об утверждении Правил проведения аукциона с использованием объекта информатизации оператора электронных аукционов на предоставление права недропользования по углеводородам в электронной форме» Қолданыста
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына және «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
23-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«23-1. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 22-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1 бабына сәйкес белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес жәнеалдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруды орындауға міндетті.
Ескертпе: Кодекстің 153-1-бабына сәйкес кен орнын (кен орындарын) сарқылып жатқандар санатына жатқызуға байланысты Келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, 23-1-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
18-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18-1. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 18-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1 бабымен белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес және алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруға орындауға міндетті.
Ескертпе: егер Келісімшарт Кодекстің 153-1-бабында көзделген сарқылып жатқанкен орны (кен орындары) бойынша жасалса немесе Кодекстің 153-1 бабына сәйкес кен орнын (кен орындарын) сарқылып жатқандар санатына жатқызуға байланысты Келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда 18-1-тармақ Келісімшартқа енгізіледі.»;
бұйрыққа 3-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
63-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«63. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
56-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«56. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21038 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«15) қол қою бонусының бастапқы мөлшері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 761-бабына сәйкес белгіленетін объект бойынша аукцион басталатын қол қою бонусының мөлшері;».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, 17 абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Эколония және табиғи
ресурстар министрлігі