О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 июня 2018 года № 233 «Об утверждении типовых контрактов на недропользование» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
мазмұны жаңа редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Кіріспе
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
12-бөлім. Құпиялылық
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
1-1- қосымша – Келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезіндегі жұмыс бағдарламасы
2-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
3-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері»;
кіріспенің 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;»;
54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«54. Келісімшарттың 55-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.»;
57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«57. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.»;
8-бөлімнің 3-параграфы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
64. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
64-1. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) құрайды.
65. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
Көмірсутектерді барлауға мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа 1, 1-1, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
мазмұны жаңа редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Кіріспе
1-бөлім. Келісімшарттың мәні
2-бөлім. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-бөлім. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-бөлім. Құзыретті органның құқықтары
5-бөлім. Құзыретті органның міндеттері
6-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-бөлім. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-бөлім. Еңсерілмейтін күш
12-бөлім. Құпиялылық
13-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
14-бөлім. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-бөлім. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
2-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары»;
кіріспенің 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;»;
47-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«47. Келісімшарттың 48-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.»;
50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«50. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.»;
8-бөлімнің 3-параграфының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
57. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
58. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) құрайды.
58-1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
8-бөлімнің 4-параграфы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
58-2. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою:
1) Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде) жүргізіледі.
59. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауы банк салымының кепілімен қамтамасыз етіледі.
60. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Кодексте айқындалған мөлшерде, мерзімдер мен тәртіппен қалыптастырылады.
Егер жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша оларға берілген қамтамасыз ету Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік алпыс күн ішінде осындай қамтамасыз етуді ауыстыруға міндетті. Егер көрсетілген мерзім ішінде мұндай ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жүргізбесе, соңғысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтата тұруға міндетті. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қалпына келтіргеннен немесе қамтамасыз етуді ауыстырғаннан кейін ғана қайта бастауға жол беріледі.
61. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кепілге қойылған банк салымы бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
62. Жер қойнауы учаскесін консервациялау Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және (немесе) Келісімшартта белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі..»;
Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа 3-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
мазмұны жаңа редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы шарттар
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
4-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және ауыртпалығы
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалау
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
10-тарау. Құпиялылық
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және тоқтату
13-тарау. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
2-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
3-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері»;
кіріспенің 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Құзыретті орган Қазақстан Республикасы атынан Жер қойнауын пайдаланушыға Келісімшартта белгіленген мерзімге Келісімшартқа 2-қосымшада айқындалған (айқындалған) жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану құқығын береді, ал Жер қойнауын пайдаланушы өз есебінен және тәуекелімен Келісімшарт талаптары мен Кодекске сәйкес Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.»;
54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«54. Қазақстан Республикасының көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын, мәміле жасалған күні қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде Жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектердің көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігін негізге ала отырып айқындалатын болады және өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен жер қойнауын пайдаланушының орналасқан өңірінің өндіру үлесіне барабар болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын көмірсутектердің бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, мемлекет көмірсутектерді сатып алу жөніндегі мәмілені жасау күніне әлемдік нарықтарда қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар қолданылады.»;
56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«56. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқылы. Реквизициялау төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының мұқтажы үшін қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы реквизицияланған көмірсутектер үшін заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушымен жазбаша нысанда келісілген олардың құнын төлеу арқылы Жер қойнауын пайдаланушы реквизициялау күніне көмірсутектермен мәмілелер жасау кезінде қолданылатын бағадан аспайтын бағалар бойынша, көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындарды шегергенде өтемақыға кепілдік береді.»;
8-бөлімнің 4-параграфы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
63. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
64. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) құрайды.
65. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының күшіне енген күнгі қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден уақытша босату беріледі.
65-1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа 1, 3-қосымшалары осы бұйрыққа 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
мазмұны жаңа редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы шарттар
2-параграф. Көмірсутектерді өткізу және (немесе) экспорттау
3-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
4-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
5-параграф. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
7-параграф. Есепке алу және есеп беру
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
9-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
10-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
11-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын қадағалау
12-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемесі
13-параграф. Жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі
9-тарау. Еңсерілмейтін күш
10-тарау. Құпиялылық
11-тарау. Дауларды шешу тәртібі
12-тарау. Келісімшартты өзгерту және тоқтату
13-тарау. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістікті шекаралары
2-қосымша – жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері»;
кіріспенің 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;»;
47-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«47. Қазақстан Республикасының көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын, мәміле жасалған күні қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде Жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектердің көлемі мемлекеттің жалпы қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігін негізге ала отырып айқындалатын болады және өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен жер қойнауын пайдаланушының орналасқан өңірінің өндіру үлесіне барабар болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Мәмілелер жасау кезінде жер қойнауын пайдаланушы қолданатын көмірсутектердің бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, мемлекет көмірсутектерді сатып алу жөніндегі мәмілені жасау күніне әлемдік нарықтарда қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар қолданылады.»;
49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«49. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі көмірсутектердің бір бөлігін немесе барлығын реквизициялауға құқылы. Реквизициялау төтенше немесе соғыс жағдайының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының мұқтажы үшін қажетті мөлшерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы реквизицияланған көмірсутектер үшін заттай нысанда немесе олардың құнын теңгемен төлеу арқылы реквизициялау күніне көмірсутектермен мәмілелер жасау кезінде Жер қойнауын пайдаланушы қолданатын бағадан аспайтын бағалар бойынша, көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындарды шегергенде өтемақыға кепілдік береді.»;
8-бөлімнің 4-параграфы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
56. Осы Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау, Келісімшартқа қол қойылған күні қолданыста болатын Салық Кодексінің 756-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жер қойнауын пайдаланушы оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
57. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) құрайды.
58. Жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының күшіне енген күнгі қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден уақытша босату беріледі.
58-1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгі келісімшартқа 2- қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:
мазмұны жаңа редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Келісімшарттың мәні
2-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
3-тарау. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары
4-тарау. Құзыретті органның құқықтары
5-тарау. Құзыретті органның міндеттері
6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
7-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
8-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары
1-параграф. Жалпы талаптар
2-параграф. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану
3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
4-параграф. Жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау
5-параграф. Есепке алу және есептілік
6-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы және оларға салынатын ауыртпалық
7-параграф. Мүлікке және ақпаратқа меншік құқығы
8-параграф. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі және мүлік
9-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының Келісімшарт талаптарын сақтауын бақылау
10-тарау. Жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығы
11-тарау. Еңсерілмейтін күш
12-тарау. Құпиялылық
13-тарау. Дауларды шешу тәртібі
14-тарау. Келісімшартты өзгерту және оның қолданысын тоқтату
15-тарау. Қорытынды ережелер
Келісімшартқа қосымшалар:
1-қосымша – Жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары
2-қосымша – Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы
3-қосымша – Ұзарту кезеңіне жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері
4-қосымша – Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері»;
кіріспенің 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес жер қойнауы Қазақстан Республикасының халқына тиесілі, халықтың атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратындығын;»;
61-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«61. Келісімшарттың 60-тармағының ережелерін ескере отырып, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күніне қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын бағамен жер қойнауын пайдаланушы иеліктен шығаратын көмірсутектерді сатып алуға Қазақстан Республикасының басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.
Бұл ретте мемлекет өндірілген көмірсутектер көлемін сатып алуға басым құқықты іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушыдан сатып алынатын көмірсутектер көлемі өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттің жалпы қажеттілігі негізге алына отырып және жер қойнауын пайдаланушы орналасқан өңірдің өндірген үлесіне өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы көмірсутектер өндірудің жалпы көлемінен өндіру үлесіне барабар айқындалатын болады.
Сатып алынатын көмірсутектердің құнын төлеу теңгемен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлік шығыстары мен көмірсутектерді өткізуге арналған шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күнге әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.»;
64-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«64. Қазақстан Республикасы өз меншігіне алған көмірсутектерді заттай нысанда немесе жер қойнауын пайдаланушы көлік шығыстары мен өткізуге жұмсалған шығындарды шегергенде, көмірсутектермен мәмілелер жасаған кезде қолданылатын бағалардан аспайтын бағалар бойынша теңгемен төлеу арқылы олардың құнын өтеуге кепілдік береді.»;
8-бөлімнің 3-параграфы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары
71. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу бойынша мiндеттеме туындаған сәтіне қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетте келiсiмшарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асыру бойынша салықтық мiндеттеме туындаған күнi қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемесiн орындаудан босатпайды.
72. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасасқанға дейін «__» ______ 20__ ж. № _____ банк тапсырмасына сәйкес төлеген, қол қойылған бонустың мөлшері ________ (сомасы теңгемен көрсетіледі) құрайды.
72-1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа 2, 3 және 4-қосымшалары осы бұйрыққа 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрілігі
Басқа 1. Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
1-қосымша
Көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшарт
1-қосымша
Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 2. Келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезіндегі жұмыс бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
2-қосымша
Көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
1-1-қосымша
Келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезіндегі жұмыс бағдарламасы
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 3. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
3-қосымша
Көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
3-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 4. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
4-қосымша
Көмірсутектерді өндіруге
арналған үлгілік келісімшартқа
1-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 5. Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
5-қосымша
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа
1-қосымша
Барлау кезеңінде Келісімшарт бойынша жұмыстардың ең аз көлемі мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 6. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
6-қосымша
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді барлауға және
өндіруге арналған үлгілік
келісімшартқа
3-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 7. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
7-қосымша
Күрделі жобалар бойынша
көмірсутектерді өндіруге
арналған үлгілік келісімшартқа
2-қосымша
Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 8. Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
8-қосымша
Аз зерттелген аумақтар
шегінде орналасқан жер қойнауы
учаскесінде көмірсутектерді барлауға
және өндіруге арналған
үлгілік келісімшартқа
2-қосымша
Барлау кезеңінің алғашқы үш жылының жұмыс бағдарламасы
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 9. Ұзартылатын кезеңге жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
9-қосымша
Аз зерттелген аумақтар
шегінде орналасқан жер қойнауы
учаскесінде көмірсутектерді
барлауға және өндіруге
арналған үлгілік келісімшартқа
3-қосымша
Ұзартылатын кезеңге жұмыстардың ең аз көлемдері мен түрлері
Атауы
Сипаттамасы
Іске асыру мерзімі
Құны теңгемен
Басқа 10. Жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 283-н/қ Бұйрыққа
10-қосымша