О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 «О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования» и от 31 декабря 2019 года № 1060 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары: Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды. Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды. Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды. Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды. Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады. Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»; басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымшамен толықтырылсын;
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша Басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі Р/с № Тауарлар тобының атауы Р/с № Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 1 2 3 4 5 АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 1. Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну 1. Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру 0111 2. Күріш өсіру 0112 3. Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру 0113 4. Тоқыма дақылдарды өсіру 0116 5. Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру 0119 6. Жүзімді өсіру 0121 7. Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру 0124 8. Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру 0125 9. Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту 0141 10. Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту 0142 11. Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды көбейту 0143 12. Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды көбейту 0144 13. Қойларды және ешкілерді көбейту 0145 14. Шошқаларды өсіру 0146 15. Ауыл шаруашылығы құстарын көбейту 0147 16. Жануарлардың басқа түрлерін өсіру 01491 17. Астықты өңдеу жөніндегі қызмет 0163 2. Балық аулау 18. Тұщы суда балық аулау 0312 19. Теңізде балық өсіру 0321 20. Тұщы суда балық өсіру 0322 ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ 3. Көмір өндіру 21. Тас көмірді байыту 051032 Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 22. Тұз өндіру 0893 ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 4. Тамақ өнімдерін өндіру 23. Тамақ өнімдерін өндіру 103 5. Сусындар өндіру 24. Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру 11014 25. Уыт өндіру 1106 26. Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру 1107 6. Тоқыма бұйымдарын өндіру 27. Тоқыма бұйымдарын өндіру 13 7. Киім өндіру 28. Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру 14.1 29. Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру 14.3 8. Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 30. Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру 15 9. Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру 31. Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру 16 10. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 32. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру 17 11. Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 33. Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну 18.1 12. Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 34. Мұнайдың өңделген өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру 19.2 13. Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 35. Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру 20.15 36. Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру 20.2 37. Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш жабындылар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру 20.3 38. Сабын, жуушы, тазалағыш, жылтыратқыш, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру 20.4 39. Сіріңке өндіру 20512 40. Желім өндіру 2052 41. Эфир майларын өндіру 2053 42. Фотоматериалдар өндіру 20591 43. Желатин өндіру 20592 44. Тоқыма бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарды өндіру 20593 45. Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру 20594 46. Басқа химиялық өнімдер өндіру 20599 47. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру 2060 14. Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру 48. Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру 21 15. Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 49. Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 22 16. Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 50. Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 23 17. Металлургия өндірісі 51. Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру 2410 52. Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру 2420 53. Салқындай сымдау 2431 54. Суықтай қалыптау немесе ию 2433 55. Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру 24340 18. Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 56. Металл есіктер мен терезелер өндіру 2512 57. Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру 2521 58. Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия 25.5 59. Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері 25.6 60. Пышақ бұйымдары, аспаптары және темірден жасалған бұйымдар өндіру 25.7 61. Басқа дайын металл бұйымдар өндіру 25.96 19. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру 62. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру 267 20. Электр жабдықтарын өндіру 63. Электр жабдықтарын өндіру 27 21. Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру 64. Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру 2812 65. Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру 2814 66. Лифт өндіру 28224 67. Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерден және перифериялық жабдықтан басқа) 2823 68. Механикаландырылған қол аспаптар өндіру 2824 69. Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру 2825 70. Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру 2829 71. Ауылшаруашылық машиналарын өндіру 28302 22. Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру 72. Автомобильдер өндіру 29.1 73. Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру 29201 74. Автомобильдердің өзге бөлшектері мен керек-жарақтар өндіру 2932 23. Басқа көлік құралдарын өндіру 75. Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамаларды өндіру 30.2 24 Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру 76. Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру 30.9 25. Жиһаз өндіру 77. Жиһаз өндіру 31 26. Өзге де дайын бұйымдар өндіру 78. Өзге де дайын бұйымдар өндіру 32 27. Электр энергиясын өндіру 79. Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі 35112 80. Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі 35114 81. Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі 35115 82. Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі 35119 СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ 28. Суды жинау, өңдеу және тарату 83. Суды жинау, өңдеу және тарату 36 29. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 84. Қауіпсіз қалдықтарды жинау 3811 КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ 30. Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі 85. Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі 49398 31. Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі 86. Жүктерді қоймалау және сақтау 529 32 Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі 87. Жүктерді қоймалау және сақтау 521010 ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 33. Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету 88. Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі 551011 89. Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру 552011 90. Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі 553011 91. Тұруға арналған өзге де орындардың қызмет көрсетуі 559012 АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС 34. Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер 92. Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет 6201 35. Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет 93. Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет 63 БІЛІМ БЕРУ 36. Білім беру 94. Білім беру 8513 95. Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері 85.59 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 37. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 96. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 8614 Ескертпе: 1 Араларды өрбіту, балды және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады. 2 Үйіндіден алынған тас көмір. 3 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктері, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өндірістік тазартуды, шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу. 4 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту. 5 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды және т. б. өндіру. 6 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру. 7 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру. 8 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы көтергіштері және арқанды көтергіштер қалалық және қалааралық көлік жүйесіне кірмесе, оларды басқару. 9 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу. 10 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу. 11 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады. 12 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау. 13 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру. 14 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау, сондай-ақ санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау. ________________________
Басқа 2. Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымша Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі Р/с № Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 1. Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту 01410 2. Құс шаруашылығы 01471 3. Етті қайта өңдеу және консервілеу 10110 4. Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу 10120 5. Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру 10130 6. Сүт өңдеу және ірімшік өндіру 10511 7. Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру 10910 8. Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру 13102 9. Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру 16210 10. Қағаз және картон өндіру 17120 11. Бедерленген қағаз және картон өндіру 17211 12. Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдар өндіру 17220 13. Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстарды өндіру 20151 14. Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру 20200 15. Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру 20301 16. Басқа химиялық өнімдер өндіру 20599 17. Фармацевтикалық препараттар өндіру 21201 18. Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулауғыш материалдар өндіру 23993 19. Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру 24100 20. Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһаздан басқа, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаздар өндіру 31012 _____________________
Басқа 3