О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года № 37/НҚ «Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в области информационно-коммуникационных технологий и критериев собственного производства» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесінде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынатын деректерді өңдеу орталықтарын (Data-орталықтарды) қоспағанда).»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншікті өндірістің өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
Басқа 0. Меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 19 сәуірдегі
№ 130/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 37/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Осы меншікті өндірістің өлшемшарттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 293-бабының 4-3 тармағына сәйкес әзірленген және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың меншікті тауарлар өндірісінің өлшемшарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Меншікті өндірістің өлшемшарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттың бар болуы.
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағының 13) тармақшасына сәйкес индустриялық сертификаттың бар болуы.
Тармақ 3
3. Осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген өлшемшарттарының бірінің болуы меншікті өндірісті айқындау үшін жеткілікті болып табылады.