О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-247/2020 «Об утверждении правил регулирования, формирования предельных цен и наценки на лекарственные средства, а также медицинские изделия в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бағаларды реттеу өзіне мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды: 1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін: көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын қалыптастыру; референттік баға белгілеу негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу; көтерме үстеме бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру; бөлшек үстеме бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту; 2) ТМККК көрсетуге арналған және (немесе) МӘМС жүйесіндегі ДЗ үшін: ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына өндірушінің тіркелген бағасы туралы қорытынды беру; ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту; қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды қалыптастыру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту.»; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында: 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ММБ-ға: ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу; ММБ үстеме бағасын қалыптастыру; ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға тіркелген баға туралы қорытынды беру; қосылған құн салығын есепке алмағанда, ММБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасы бойынша шекті бағаларды қалыптастыру; ММБ-ға тіркелген бағаларды кері қайтарып алу құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде және (немесе) өтініш берушінің еркін нысандағы жолданымы бойынша жүзеге асырылады;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.