О внесении изменения в решение маслихата района Тереңкөл от 11 мая 2020 года № 3/57 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и о повышении базовых ставок земельного налога района Тереңкөл» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6833 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттыру
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 3/9 шешіміне қосымша Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 шешіміне 2-қосымша Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттыру Жердің орналасу аймақтары Арттыру пайызы Тереңкөл ауылдық округі 1 50% Байқоныс ауылдық округі 1 50% Песчан ауылдық округі 1 50% Береговое ауылдық округі 1 50% Бобровка ауылдық округі 1 50% Октябрь ауылдық округі 1 40% Ивановка ауылдық округі 1 40% Калиновка ауылдық округі 1 40% Федоровка ауылдық округі 1 40% Верненка ауылдық округі 1 40% Воскресенка ауылдық округі 1 30% Жаңақұрылыс ауылдық округі 1 30%