О внесении изменения в решение маслихата от 11 декабря 2020 года № 541 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.