О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 марта 2020 года № 92 «Об утверждении Правил определения затрат оператора независимой экспертизы на организацию и проведение независимой экспертизы базовых проектных документов и анализов разработки» Күшін жойған
Басқа 0
«Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы
11 наурыздағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20118 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оператордың жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындары мынадай формула бойынша айқындалады:
S=Cd*We
мұнда:
S – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындар;
Cd – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны;
We – осы Қағидаларға қосымшада келтірілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндер шкаласына және Кодекстің 140-бабының 4-тармағына сәйкес есепті кезеңге бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Е – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға байланысты жоспарлы шығыстар. Оператордың даму жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының 10-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі бекітеді;
IS – Оператордың жұмылдырылған мамандарының саны, адам;
Wy – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес есепті қаржы жылына жобаларға сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндері (ағымдағы жылға арналған жұмыс уақытының балансы);
Kp – кірістілік коэффициенті.
Кірістілік коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Kp =Pp/E
мұнда:
Pp – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты жоспарлы кірістер.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі