О признании утратившим силу постановления акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 11 октября 2021 года № 226 «Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Акжаикского района Западно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 226 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24771 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялағаннан кейін Ақжайық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.