О внесении изменения в решение маслихата от 11 августа 2021 года № 54 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Аулиекольском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 «Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Әулиекөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 тамыздағы № 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24046 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.