О внесении изменения в решение Жарминского районного маслихата от 11 ноября 2021 года № 9/114-VII «Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII «Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25232 болып тіркелген) шешіміне мынандай өзгеріс енгізілсін: Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерінде көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
Тармақ 5
«5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. «Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.