О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 11 июля 2022 года № 197/2 «Об установлении водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» № 197/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28834 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген қаулының 2-қосымшасының 1-тармағының 2-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген ережелерді, су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;».
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқа 5. Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 318/2 қаулысына 1-қосымша Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 қаулысына 1-қосымша Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері Р/с № Су объектісінің атауы Орналасқан жері Су қорғау аймағының ауданы (гектар) Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар) Су қорғау аймағының ені (метр) Су қорғау белдеуінің ені (метр) Павлодар қаласы 1 Ертіс өзені Павлодар қаласы-оң жағалау 554 5666 105-4270 35-3210 2 Ертіс өзені Павлодар қаласы-сол жағалау 58 3032 4293-5785 4223-5715 3 Қара Бидайық көлі Павлодар қаласы 396,0150 26,6590 500 35 Павлодар қаласының ауылдық аймағы 4 Мойылды көлі Мойылды ауылы 163,4 16,6 300 35 Екібастұз қаласының ауылдық аймағы 5 Шідерті өзені Шідерті ауылы 16,9634 1,1789 500 35 6 Темірастау өзені Төрт-Құдық ауылдық аймағы 554,3658 44,8152 254-500 35 Ақсу қаласының ауылдық аймағы 7 Ертіс өзені Ақсу қаласының ауылдық аймағы 1242 59517 105-14290 35-13240 Ақтоғай ауданы 8 Ертіс өзені Ақтоғай ауданы 8400 43997 115-11335 35-8200 Железин ауданы 9 Ертіс өзені Железин ауданы 5700 8253 216-8232 36-7081 Ертіс ауданы 10 Ертіс өзені Ертіс ауданы 11100 41842 59-8960 35-6265 11 Бірсуат өзені Аманкелді ауылдық аймағы – оң жағалау 14,2542 1,0231 500 35 12 Бірсуат өзені Аманкелді ауылдық аймағы – сол жағалау 13,8733 0,9952 500 35 Май ауданы 13 Ертіс өзені Май ауданы 13500 73848 950-11926 880-10676 14 Кемертұз көлі Май ауданы 103 21,8 500 100 15 Ащысу өзені Май ауданы 162,7 16,3 500 55 Аққулы ауданы 16 Ертіс өзені Аққулы ауданы 1000 44498 67-12332 35-11326 17 Тұз көлі Аққулы ауданы 1259 195 500-1300 100 18 Қалатұз көлі Аққулы ауданы 2570 40 500-3130 35 19 Қожа көлі Аққулы ауданы 188 54 300-500 100 Тереңкөл ауданы 20 Ертіс өзені Тереңкөл ауданы 9600 29323 45-11595 38-9210 Павлодар ауданы 21 Ертіс өзені Павлодар ауданы 9046 55549 51-14002 35-10699 22 Маралды көлі Павлодар ауданы 852,1 71,1 500 35 Баянауыл ауданы 23 Біржанкөл көлі Құндыкөл ауылдық округі 81,5 7,5 500 35 24 Сабындыкөл көлі Баянауыл ауылдық округі 495,6 37,7 500 35 25 Ақсор көлі Баянауыл ауданы 212,4 23,88 300 35 26 Тұз көлі Баянауыл ауданы 1797 160 500-2400 100 Шарбақты ауданы 27 Маралды көлі Шарбақты ауданы 1006,4 80,3 500 35 28 Бура көлі Шарбақты ауданы 351 17 500-570 35