О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 11 февраля 2022 года № 2 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области государственной статистики» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26798 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректер және (немесе) ресми статистикалық ақпарат және (немесе) статистикалық ақпарат және (немесе) талдамалық ақпарат негізінде демографиялық үдерістерді талдау және болжау.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі