О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 11 февраля 2022 года № 2 «Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области государственной статистики» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26798 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын: «8. Реттеушілік саясатты жетілдіру мақсаттары үшін талдамалық ақпаратты одан әрі қалыптастыра отырып, бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) баламалы деректерді өңдеу және талдау және жүйелік тәуекелдерді, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып анықтау. 9. Реттеушілік интеллектінің ақпараттық платформасын, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдана отырып қалыптастыру, дамыту және (немесе) сүйемелдеу.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі