О внесении изменения в постановление акимата города Павлодара от 11 апреля 2022 года № 508/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима села Жетекши» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 508/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 508/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167307 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 20-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) Жетекші ауылы әкімінің аппараты «Жетекші ауылы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;».
Тармақ 2
2. «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Н. М. Дәрімге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.