Об отмене постановления акимата города Кентау от 11 декабря 2023 года № 363 «Об установлении публичного сервитута» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қауымдық сервитутты белгілеу туралы» Кентау қаласы әкімідігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 363 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қауымдық сервитутты белгілеу туралы» Кентау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 363 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Кентау қаласының әкімі Ғ.Төлеповке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.