О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 11 сентября 2023 года № 52/4 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Павлодарской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі «Павлодар облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» № 52/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі «Павлодар облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» № 52/4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: осы шешіммен бекітілген Павлодар облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында: 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.