О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 11 декабря 2023 года № 68-VIII «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов по Атырауской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 68-VIII «Атырау облысы бойынша елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп–баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысы бойынша елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп – баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 68-VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысы бойынша елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп – баптау және қорғаудың қағидаларында: 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді: 1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу; 2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы; 3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу; 4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу; 5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету); 6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды: ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту; ағаш діңін ақтау; бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау; шөп шабу, арамшөптерді жою; жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер); бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару; ағаш тәжін тәждеу; ағаштардың тәжін қалыптастыру; қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу; апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу; тыңайтқыштарды қолдану; жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу; қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.