О внесении изменений и дополнений в решение Уйгурского районного маслихата от 11 октября 2023 года № 8-10-52 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Уйгурского района» Қолданыста
Басқа 0
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы
«Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-10-52 шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 қазандағы № 8-10-52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041-05 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;
дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, діни және жастар ісі мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.