О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 11 января 2023 года № 94 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства города Усть-Каменогорска» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын тұлғасынан міндеттерді орындау мәніне шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»; 13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген мерзімдерде ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға.»; 14-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысы мақсатында игеру үшін беру жөніндегі шешімдерді қабылдау, шешімдердің жобаларын дайындау, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау.».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.