О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 11 января 2023 года № 95 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Усть-Каменогорска» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 95 «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»; 13-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өз құзыреті шегінде сұрау және алу заңда белгіленген мерзімде мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды орындауға;»; 13-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі: 1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.