О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2025 года № 1828 «О признании поселка Заречный территорией, непригодной для постоянного проживания» Қолданыста
Басқа 0
«Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін
жарамсыз деп тану туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін жарамсыз деп тану туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
№ 1 - қосымша-Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға № 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау тиісті бағыт бойынша қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «15» сәуірдегі
№ 805 қаулысына
1-қосымша
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Төренова
Қалия Батталқызы
қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Омарова
Әлия Олеговна
персоналды басқару қызметінің басшысы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Ілиясов
Аслан Қайратұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ басшысы
Макенов
Айдын Есләмұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары
Жолмұқан Руслан Нұрханұлы
«Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ нормативтік-құқықтық актілер секторының меңгерушісі
Козлов
Владимир Иванович
Қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Иманов
Төлеген Серікұлы
ЖК «Иманов Т.С.» (келісім бойынша)
Василенко
Дмитрий Геннадьевич
«Петропавл дабыл және байланыс дистанциясы» ППО төрағасы (келісім бойынша)